https://sputnik.kz/20230420/turkistan-oblysynda-qan-aralas-su-agyp-zhatyr-turgyndar-dabyl-qaqty-34150908.html
Түркістан облысында қан аралас су ағып жатыр: тұрғындар дабыл қақты
Түркістан облысында қан аралас су ағып жатыр: тұрғындар дабыл қақты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары малдың қаны араласқан судан мезі болғанын айтып дабыл қақты. Sputnik Қазақстан тілшісі... 20.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-20T15:24+0500
2023-04-20T15:24+0500
2023-04-20T15:24+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/473/24/4732479_212:217:788:541_1920x0_80_0_0_1a62b7c5c1d78742a48bcc24ef165f88.jpg
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары малдың қаны араласқан судан мезі болғанын айтып дабыл қақты. Sputnik Қазақстан тілшісі аудан әкімдігінен мәселенің мән-жайын білді.Ақсукент орталығында көпқабатты үйлерден шығатын сарқынды суды құятын 8 жасанды бассейн бар. Бассейн маңына жақын орналасқан мал сою орындары малдың қанын жасанды бассейндерге құйып отырған.Қан аралас су бассейн маңы емес, тіпті егістікке жайылған. Қазіргі күні жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ауданның ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп 3 дана механикаландырылған техникамен объектінің сүзу алаңдарын кеңейтіп, тереңдетіп жатыр."Полиция жаңағы жердің тәртібін қадағалап, бассейндерге қанды төктірмей жатыр. Мал соятын орындар бассейндерге тағы бір мәрте қанды төгетін болса, қатаң шара қолданылады", - дейді аудандық әкімдік.Ал облыстағы экология департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша кінәлілерге айыппұл салынады.
https://sputnik.kz/20221007/mangystauda-munay-qaldygyn-tokken-kompaniyaga-ayyppul-salyndy-28257354.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/24/4732479_228:243:626:541_1920x0_80_0_0_a509d656f6728886b00440670005d883.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қан су
Түркістан облысында қан аралас су ағып жатыр: тұрғындар дабыл қақты
АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындары малдың қаны араласқан судан мезі болғанын айтып дабыл қақты.
Sputnik Қазақстан тілшісі аудан әкімдігінен мәселенің мән-жайын білді.
Ақсукент орталығында көпқабатты үйлерден шығатын сарқынды суды құятын 8 жасанды бассейн бар. Бассейн маңына жақын орналасқан мал сою орындары малдың қанын жасанды бассейндерге құйып отырған.
"Сол жерге қанды рұқсатсыз құйып жүрген. Енді ол сіңбей, шұңқырдың сыртына шығып кеткен. Мал соятын мекемелер қанды арнайы орталыққа апарып төгу керек. Ол жерге өткізгенде көлікке ақы төлейді. Ал олар бассейндерге рұқсатсыз әрі, тегін төгіп отырған. Салдарынан қан аралас су жайылып кеткен", - дейді Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қан аралас су бассейн маңы емес, тіпті егістікке жайылған. Қазіргі күні жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ауданның ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп 3 дана механикаландырылған техникамен объектінің сүзу алаңдарын кеңейтіп, тереңдетіп жатыр.
"Полиция жаңағы жердің тәртібін қадағалап, бассейндерге қанды төктірмей жатыр. Мал соятын орындар бассейндерге тағы бір мәрте қанды төгетін болса, қатаң шара қолданылады", - дейді аудандық әкімдік.
Ал облыстағы экология департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша кінәлілерге айыппұл салынады.