Оқиға

Қызылордада тұрғын үйде жарылыс болды

© PhotoҚызылордада тұрғын үйде жарылыс болды
Қызылордада тұрғын үйде жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
Бір адам зардап шекті
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Қызылордада жекеменшік зәулім үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті.
19 сәуірде сағат 10:58-де жеке тұрғын үйде газ жарылып, аумағы 182 шаршы метрлік ғимарат өртеніп, жартылай қирап қалды.
Салдарынан ер адам зардап шекті, деп хабарлады облыс ТЖД.

"Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем бригадасымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы, оған аяқтың І дәрежелі күйігі диагнозы қойылған", - деп хабарлады ТЖД.

Өрт үйдің жанынан салынған қосымша құрылыс нысанына да тараған. Өрт сөндіріліп, себебі анықталып жатыр.
Жаңаөзенде жарылыс салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Өңірлер
Жаңаөзенде жарылыс салдарынан қаза болғандардың туыстары трагедияның себебін айтты
Жаңалықтар
0