https://sputnik.kz/20230420/qytaymen-shekaradagy-kedendi-nazarbaevtar-otbasy-34135902.html
Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы бақылады ма - министр жауабы
Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы бақылады ма - министр жауабы
Sputnik Қазақстан
Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы бақылады ма
2023-04-20T11:38+0500
2023-04-20T11:38+0500
2023-04-20T11:49+0500
назарбаев
экономика
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27415544_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_106500939651bcdd73c16b6ef5938a71.jpg
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қытаймен шекарадағы кеденде көптеген заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Былтыр президент кеден саласында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Осыған байланысты бас прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тексеріс барысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Жұмыс тобы құрылды. Барлық анықталған факті құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бюджет заңбұзғандар тарапымен дер кезінде төленбеген сомамен толықты", - деді министр. Ол заңбұзушылардан былтыр 50 миллиард теңге өндірілгенін атап өтті. Алайда Жамаубаев Қытаймен шекарадағы кеденде нақты кімнің заң бұзғанын айтудан бас тартты. "Ол жерде заң бұзған бірнеше экономикалық оператор болды. Ал түпкілікті бенефициарды жаңа сіз өзіңіз атадыңыз ғой", - деді министр. Айтуынша, 15 экономикалық оператордың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Министр толық ақпаратты құқық қорғау органдарынан сұрауды өтінді.
https://sputnik.kz/20211109/zhedel-qyzmetker-Nazarbaev-18610085.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27415544_264:0:2995:2048_1920x0_80_0_0_9ad28d51f9d3eed44cdde6360722ca03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай китай қазақстан казхастан шекара граница назарбаев бақылау контроль
қытай китай қазақстан казхастан шекара граница назарбаев бақылау контроль
Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы бақылады ма - министр жауабы
11:38 20.04.2023 (жаңартылды: 11:49 20.04.2023) АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қытаймен шекарадағы кеденде көптеген заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ел арасында Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы мен оның айналасы бақылады деген сыбыс бар. Сіздердің тарапыңыздан қандай да бір тексеріс жүргізіліп жатыр ма?", - деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында Жамаубаевтан.
"Былтыр президент кеден саласында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Осыған байланысты бас прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тексеріс барысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Жұмыс тобы құрылды. Барлық анықталған факті құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бюджет заңбұзғандар тарапымен дер кезінде төленбеген сомамен толықты", - деді министр.
Ол заңбұзушылардан былтыр 50 миллиард теңге өндірілгенін атап өтті. Алайда Жамаубаев Қытаймен шекарадағы кеденде нақты кімнің заң бұзғанын айтудан бас тартты.
"Ол жерде заң бұзған бірнеше экономикалық оператор болды. Ал түпкілікті бенефициарды жаңа сіз өзіңіз атадыңыз ғой", - деді министр.
Айтуынша, 15 экономикалық оператордың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Министр толық ақпаратты құқық қорғау органдарынан сұрауды өтінді.