https://sputnik.kz/20230420/pentagon-ozge-galamsharlyqtarmen-belsendi-kureske-kiristi-34288927.html
Пентагон өзге ғаламшарлықтармен белсенді күреске кірісті
Пентагон өзге ғаламшарлықтармен белсенді күреске кірісті
Sputnik Қазақстан
АҚШ өзге ғаламшарлықтар, диктаторлар және басқа да "қауіп төндіретін" тұлғаларға қарсы күреске қомақты қаражат жаратып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы... 20.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-20T22:43+0500
2023-04-20T22:43+0500
2023-04-25T16:03+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33817914_0:257:2730:1793_1920x0_80_0_0_f6d504a99ef7ec860869709db6270751.jpg
АҚШ өзге ғаламшарлықтар, диктаторлар және басқа да "қауіп төндіретін" тұлғаларға қарсы күреске қомақты қаражат жаратып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Пентагон көптеген жыл бойы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін кейбір ұшатын белгісіз нысандармен күресу әдістерін пысықтап, осы мақсатта арнайы бөлім құрды. Бөлім есебінде бірнеше рет атып түсірілген белгісіз ұшатын нысан бар және бұл үшін тұрақты миллиардтаған доллар аалып отыр.АҚШ Қорғаныс министрлігі 19 сәуірде Сенаттың Қарулы күштер жөніндегі комитетіне "Барлық саладағы аномалияларды зерттеу басқармасының" жұмысы туралы есеп берді. АҚШ-тың әскери нысандарына немесе операцияларына қауіп төндіретін белгісіз нысандар (БҰН немесе UAP) ғарышта, әуеде, құрлықта, суда және су астында тұрақты түрде анықталып жаатыр.Пентагонның профильдік бөлімі "ұшатын белгісіз нысандарды жақсырақ түсіну және оларға қатысты әрекет үшін" қарқынды жұмыс істеп, ғылыми және барлау ақпаратын талдайды, аптасына 650 жағдайды (эпизодты) зерттейді. Бұл фактілер сенімсіздік тудырмас үшін Пентагон Сенатқа MQ-9 пилотсыз ұшу аппараттары түсірген НЛО видеожазбаларын ұсынды."Сәйкестік кездейсоқ болса керек. Бірақ 19 сәуір күні кешке Киев аспанында жарқыл пайда болды, содан кейін жанып жатқан қиранды бөліктері қала көшелерін жарықтандырды. Украина президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак Украина Қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы ұшатын белгісіз нысандарды зақымдау нұсқасын тез арада жоққа шығарды. Пентагон америкалық RHESSI ғарыш аппараты орбитадан шыққаны туралы балама ақпаратты растамады", - деп жазды Хроленко.Украинаның ғарыш агенттігі түндегі жарқырауды Лирид ағынынан үлкен метеориттің құлауымен түсіндірді. Ал Киев пабликтері ресейлік радиоэлектронды күрес құралдарының әсерінен кейін америкалық барлау спутнигі құлағанын хабарлады. Олар бұл Германиядағы Рамштайн авиабазасында Украина Қарулы күштерін қолдаушы елдердің кезекті кездесуі қарсаңындағы Ресейдің Батысқа ескертуі деп жазды.Сол күні The Washington Post газеті Ресейдің "Тобол" жүйесінің көмегімен Украина әуе кеңістігіндегі Starlink спутниктерін бұзуға тырысып жатқанын хабарлады. Қалай болғанда да, Киев режимінің күндері мен түндері мазасыз болып барады, дейді әскери шолушы.Бұған дейін Аляска, Оңтүстік және Солтүстік Каролина жағалауында және Мичиган штатындағы Гурон көлінің үстінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары сегіз күн ішінде төрт ұшатын белгісіз нысанды атып түсірген. Бірақ бұл нысандар жарылмаған және қирандылары табылған жоқ.АҚШ аспанындағы ұшатын белгісіз нысандар және Киевтегі "Болид" көптеген сұрақты жауапсыз қалдырды. Жалпы бұл саладағы құпияларды көп жыл бойы Пентагон мамандары анықтай алмай келеді. Бірақ өзге ғаламшарлықтармен күресу үшін миллиардтаған қаражат бөлу жалғаса беретін сыңайлы.АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен серіктестері комитет алдында жаңа қауіптер, оларға қарсы шаралар және қажетті қаржыландыру көлемі туралы айтты. Баяндамадан белгілі болғандай, америкалықтарды өзге ғаламшарлықтардан бөлек ресейлік, қытайлық және солтүстіккореялық әзірлемелер, қарулануға қабылданған барлық топтағы және диапазондағы жетілдірілген зымыран кешендері де алаңдатып отыр.Ресейдің арнайы әскери операциясы кезінде Украинаның зымыранға қарсы қорғанысы Пентагонға 35 миллиард долларға түсті. Сондықтан Конгресс Американың қауіпсіздігі үшін Қорғаныс және әскери құрылым туралы заңды, яғни жаңа қаражат бөлу туралы заңды тез қабылдауға тырысып жатыр.АҚШ Қорғаныс министрлігі ғарыштық мүмкіндіктерді жаңарту, қарсыластың зымырандары мен инфрақызыл нысандарын қадағалауға 5 миллиард доллар, Lockheed Martin корпорациясының жаңа буындағы тосқауыл ұшағы үшін 2,2 миллиард доллар, Standard Missile 3, Terminal High Altitude Area Defense зымырандары және Patriot PAC-3 тосқаул ұшағы үшін 2,2 миллиард доллар, төменгі деңгейдегі зымырандық қауіптерге қарсы тұру үшін 1,5 миллиард доллар және Гуамды қорғауға 1,5 миллиард доллар сұрады.Бұл толық тізім болмағанымен, Пентагонның тым қомақты қаражат талап етіп отырғанын түсіну қиын емес. Оның бюджеті биыл 850 миллиард долларды құрады. Америкаға ешкім қауіп төндірмесе де, бұл бюджет рекордтық көрсеткішке жетті.Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Newsweek басылымына берген сұхбатында "болашақта қару-жарақты бақылау және тәуекелді азайту шараларының негізін қалау негізгі мақсаты болатын стратегиялық тұрақтылық жөніндегі екіжақты диалогты Вашингтон біржақты тоқтатқанын" мәлімдеді.Wall Street Journal өздерін демократия үшін күресуші деп атайтын АҚШ-ты ғаламшарда көбі қолдамайтынын, себебі сөгісті, ақыл айтуды, санкцияны ешкім ұнатпайтынын жазды. Ал Америка бастаған Батыс әлемінің қазіргі күйін сыртқы саясат жүргізудегі үздік әдіс-тәсілдер ретінде ұсыну қисынсыз.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0b/33817914_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_fc96a70d0de5a71ab3afaedc12401fea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ өзге ғаламшарлықтар, диктаторлар және басқа да "қауіп төндіретін" тұлғаларға қарсы күреске қомақты қаражат жаратып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Пентагон көптеген жыл бойы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін кейбір ұшатын белгісіз нысандармен күресу әдістерін пысықтап, осы мақсатта арнайы бөлім құрды. Бөлім есебінде бірнеше рет атып түсірілген белгісіз ұшатын нысан бар және бұл үшін тұрақты миллиардтаған доллар аалып отыр.
АҚШ Қорғаныс министрлігі 19 сәуірде Сенаттың Қарулы күштер жөніндегі комитетіне "Барлық саладағы аномалияларды зерттеу басқармасының" жұмысы туралы есеп берді. АҚШ-тың әскери нысандарына немесе операцияларына қауіп төндіретін белгісіз нысандар (БҰН немесе UAP) ғарышта, әуеде, құрлықта, суда және су астында тұрақты түрде анықталып жаатыр.
Пентагонның профильдік бөлімі "ұшатын белгісіз нысандарды жақсырақ түсіну және оларға қатысты әрекет үшін" қарқынды жұмыс істеп, ғылыми және барлау ақпаратын талдайды, аптасына 650 жағдайды (эпизодты) зерттейді. Бұл фактілер сенімсіздік тудырмас үшін Пентагон Сенатқа MQ-9 пилотсыз ұшу аппараттары түсірген НЛО видеожазбаларын ұсынды.
"Сәйкестік кездейсоқ болса керек. Бірақ 19 сәуір күні кешке Киев аспанында жарқыл пайда болды, содан кейін жанып жатқан қиранды бөліктері қала көшелерін жарықтандырды. Украина президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак Украина Қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы ұшатын белгісіз нысандарды зақымдау нұсқасын тез арада жоққа шығарды. Пентагон америкалық RHESSI ғарыш аппараты орбитадан шыққаны туралы балама ақпаратты растамады", - деп жазды Хроленко.
Украинаның ғарыш агенттігі түндегі жарқырауды Лирид ағынынан үлкен метеориттің құлауымен түсіндірді. Ал Киев пабликтері ресейлік радиоэлектронды күрес құралдарының әсерінен кейін америкалық барлау спутнигі құлағанын хабарлады. Олар бұл Германиядағы Рамштайн авиабазасында Украина Қарулы күштерін қолдаушы елдердің кезекті кездесуі қарсаңындағы Ресейдің Батысқа ескертуі деп жазды.
Сол күні The Washington Post газеті Ресейдің "Тобол" жүйесінің көмегімен Украина әуе кеңістігіндегі Starlink спутниктерін бұзуға тырысып жатқанын хабарлады. Қалай болғанда да, Киев режимінің күндері мен түндері мазасыз болып барады, дейді әскери шолушы.
Бұған дейін Аляска, Оңтүстік және Солтүстік Каролина жағалауында және Мичиган штатындағы Гурон көлінің үстінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары сегіз күн ішінде төрт ұшатын белгісіз нысанды атып түсірген. Бірақ бұл нысандар жарылмаған және қирандылары табылған жоқ.
АҚШ аспанындағы ұшатын белгісіз нысандар және Киевтегі "Болид" көптеген сұрақты жауапсыз қалдырды. Жалпы бұл саладағы құпияларды көп жыл бойы Пентагон мамандары анықтай алмай келеді. Бірақ өзге ғаламшарлықтармен күресу үшін миллиардтаған қаражат бөлу жалғаса беретін сыңайлы.
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен серіктестері комитет алдында жаңа қауіптер, оларға қарсы шаралар және қажетті қаржыландыру көлемі туралы айтты. Баяндамадан белгілі болғандай, америкалықтарды өзге ғаламшарлықтардан бөлек ресейлік, қытайлық және солтүстіккореялық әзірлемелер, қарулануға қабылданған барлық топтағы және диапазондағы жетілдірілген зымыран кешендері де алаңдатып отыр.
Ресейдің арнайы әскери операциясы кезінде Украинаның зымыранға қарсы қорғанысы Пентагонға 35 миллиард долларға түсті. Сондықтан Конгресс Американың қауіпсіздігі үшін Қорғаныс және әскери құрылым туралы заңды, яғни жаңа қаражат бөлу туралы заңды тез қабылдауға тырысып жатыр.
АҚШ Қорғаныс министрлігі ғарыштық мүмкіндіктерді жаңарту, қарсыластың зымырандары мен инфрақызыл нысандарын қадағалауға 5 миллиард доллар, Lockheed Martin корпорациясының жаңа буындағы тосқауыл ұшағы үшін 2,2 миллиард доллар, Standard Missile 3, Terminal High Altitude Area Defense зымырандары және Patriot PAC-3 тосқаул ұшағы үшін 2,2 миллиард доллар, төменгі деңгейдегі зымырандық қауіптерге қарсы тұру үшін 1,5 миллиард доллар және Гуамды қорғауға 1,5 миллиард доллар сұрады.
Бұл толық тізім болмағанымен, Пентагонның тым қомақты қаражат талап етіп отырғанын түсіну қиын емес. Оның бюджеті биыл 850 миллиард долларды құрады. Америкаға ешкім қауіп төндірмесе де, бұл бюджет рекордтық көрсеткішке жетті.
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Newsweek басылымына берген сұхбатында "болашақта қару-жарақты бақылау және тәуекелді азайту шараларының негізін қалау негізгі мақсаты болатын стратегиялық тұрақтылық жөніндегі екіжақты диалогты Вашингтон біржақты тоқтатқанын" мәлімдеді.
Wall Street Journal өздерін демократия үшін күресуші деп атайтын АҚШ-ты ғаламшарда көбі қолдамайтынын, себебі сөгісті, ақыл айтуды, санкцияны ешкім ұнатпайтынын жазды. Ал Америка бастаған Батыс әлемінің қазіргі күйін сыртқы саясат жүргізудегі үздік әдіс-тәсілдер ретінде ұсыну қисынсыз.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.