Білім

Мәдениет министрлігі мен Tiktok бағалы сыйлықтар береді – жоба талабы қандай

© Sputnik / Владислав ВодневTikTok
TikTok - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне орай мәдениет және спорт министрлігі TikTok платформасымен бірге #кітапток жобасын іске қосады.
"123 миллиардтан астам қаралым жинаған #BookTok жаһандық челленджінен бастау алған акцияның мақсаты - қазақстандықтарды оқуға, кітап туралы ой-пікір бөлісуге және жаңа авторларды танып, жаңа әдебиеттерді білуге ынталандыру”, - делінген министрліктің хабарламасында.
#Кітапток хэштегі бойынша әдебиет пен кітап оқу тақырыбына түрлі видео түсіруге болады. Кітап шолулары мен ұсыныстар, кітапты таныстыру, сүйікті шығармадан үзінді оқу және әдебиетке байланысты жеке әңгімелер, тіпті кітап сөресін жасау немесе кітап көрмесін жабдықтау туралы видео да жасауға болады. Үздік үш видео авторы бағалы сыйлықтарға ие болады.
Жобаға TikTok-та танымал контент жасаушылар мен Қазақстанның бірқатар кітапханасы қатысады.
"Мұндай жобалар адамдарға жаңа кітаптар туралы білуге және өздерінің әдеби талғамымен бөлісуге көмектесіп қана қоймай, қазіргі таңдағы отандық жазушыларға жаңа оқырмандар табуға және кітапханаға қызығушылықты арттыруға көмектеседі. Біз қазақстандық TikTok пайдаланушылар #кітапток-қа белсенді қатысады деп үміттенеміз", - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.
Студент. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Ұлттық академиялық кітапханада мұқабасы адамның терісінен жасалған кітап сақталған
Жаңалықтар
0