Қазақстан үшін Ресей газының бағасы Еуропаға қарағанда төмен болады – министрлік

© Sputnik / Абзал КалиевАлмасадам Сәтқалиев
Алмасадам Сәтқалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына тартылуы мүмкін Ресей газының бағасы еуропалық нарықтағыдан бірнеше есе төмен болады, тіпті Беларусь үшін белгіленген бағадан да арзан болуы мүмкін, деп мәлімдеді Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Олар (ресейлік жабдықтаушылар) бізге газды, айталық, Беларуське қарағанда әлдеқайда төмен бағамен береді. Алдын ала келіссөздер жүргізіліп жатыр. Яғни, тиімді жұмыс екіжақты режимде ғана болатынын Ресей де түсінеді. Әрине, бұл еуропалық бағадан бірнеше есе және Ресей-Беларусь шекарасындағы бағадан әлдеқайда төменболады", - деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, ведомство "Газпроммен" келіссөз жүргізіп жатыр. Министр әңгіме Қазақстанның қажеттілігін өтеу үшін газ құбырын тарту туралы болып жатқанын нақтылап өтті, алайда Қытайға құбыр тартуға мүмкіндік бар.
Еске салайық, бұған дейін экс-энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан "Сарыарқа" газ құбырының екінші және үшінші кезеңінің құрылысын бастауды қарастырып жатқанын айтқан болатын.
Джеймс Клеверли - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2023
Ұлыбритания Қазақстанға мұнай мен газ экспорттаудың балама жолдарын табуға көмектеспек
Жаңалықтар
0