Қазақстан құрамасы Менделеев атындағы химия олимпиадасына қатысады

© Photo : пресс-служба Фонда Андрея Мельниченко Международная Менделеевская олимпиада школьников по химии
Международная Менделеевская олимпиада школьников по химии - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанның химия пәнінен оқушыларға арналған ұлттық химия олимпиадасының жеңімпаздары 1-6 мамыр аралығында Астанада өтетін химиядан оқушылар арасындағы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына (ХМО-57) қатысады.
Химиядан оқушыларға арналған Халықаралық Менделеев олимпиадасы (ХМО) 1990 жылдардың басында тоқтаған мектеп оқушыларының бүкілодақтық пәндік олимпиадаларының бірден-бір мұрагері болып отыр. Отыз жылға жуық уақыт ішінде бұл олимпиадаға бұрынғы одақтас республикалардан басқа елдер де қатысып келеді, іс-шараның ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейі оған ең жоғары халықаралық мәртебені берді.
1992 жылы Менделеев олимпиадасының құрылуына жас химиктер мен олардың оқытушылары арасындағы қарым-қатынасты сақтауды көздеген М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің деканы, академик Валерий Лунин бастаған оқытушылар мен химик ғалымдар, олимпиада қозғалысы белсенділері көп еңбек сіңірді.
© Photo : пресс-служба Фонда Андрея Мельниченко Менделеев атындағы музей-архив
Международная Менделеевская олимпиада школьников по химии - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Менделеев атындағы музей-архив
Бүгінгі таңда ХМО ЮНЕСКО мәртебесі бойынша халықаралық мектеп олимпиадасымен теңестіретін жалғыз пәндік олимпиада болып саналады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Менделеев олимпиадасының тапсырмалары мектеп оқушыларына арналған халықаралық химия олимпиадасының тапсырмаларына қарағанда күрделірек және қызықтырақ болып келеді.

Қайта құру және беделін арттыру

1990 жылдары бұрынғы бүкілодақтық олимпиаданың мәртебесін қалпына келтіру қиын болды, деп еске алады олимпиаданың әдістемелік комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Гладилин.
"Ол кезде бәрі қаржыға келіп тірелетін, білім беру жобасына ақша табу өте қиын болды. Бақытымызға орай, шығындардың негізгі бөлігін Менделеев атындағы Ресей химия қоғамы өз мойнына алды. Олимпиаданың атауы осыдан бастау алады", - деді ол.
Алғашқы бірнеше жылда олимпиада Ресейде өтіп, басқа елдердің өкілдері Ресейге келді. 1997 жылы ол Ресей шекарасынан шығып, алғаш рет Арменияда өтті. Сол уақыттан бері жас химиктердің турнирі түрлі елдерде өткізіліп келеді.
Олимпиада тапсырмалардың күрделілігі мен командаларды ұсыну бойынша бүкілодақтық олимпиаданың жоғары дәстүрлерін сақтап қалды. 2004 жылдан бастап оған Болгария, Македония және Румыния, 2012 жылдан бастап Венгрия, Түркия және Сауд Арабиясы қатыса бастады. 2016 жылы олимпиадаға Израиль, Моңғолия және Нигерия құрамалары қосылды. 2019 жылы Олимпиадаға 30 ел қатысты, соның ішінде Грузия, Израиль, Австрия бар. 2023 жылы Олимпиадаға алғаш рет Бразилия құрамасы қатысады.
"Біздің олимпиада түрлі елдердің жас химиктері мен олардың мұғалімдерін жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы күрделі бәсекелестікке қатысуға және басқа елдерден келген құрдастарымен және әріптестерімен байланыс орнату мүмкіндігімен қызықтырады. Менделеев олимпиадасына ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады. Сондықтан олимпиадада жеңіске жету түгілі оған қатысу оңай шаруа емес", - деді Александр Гладилин.
© Photo : пресс-служба Фонда Андрея Мельниченко Менделеев атындағы музей-архив
Международная Менделеевская олимпиада школьников по химии - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Менделеев атындағы музей-архив

Жаңа жетістіктер

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әртүрлі елдерден келген ХМО қатысушыларының дайындық деңгейі кез келген жарыстардағыдай әркелкі. Басқа командалармен салыстырғанда Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Болгария, Израиль өкілдері әрқашан жақсы нәтиже көрсетті, Өзбекстан құрамасы айтарлықтай алға жылжып келеді.
Сонымен қатар осыдан бірнеше жыл бұрын өз командаларының жетістігімен мақтана алмаған өзге елдер дайындық деңгейін жыл сайын арттырып жатыр. Мысалы, Сауд Арабиясы.
"Мемлекет мұғалімдердің алдына жас химиктерді даярлаудың жүйесін құру міндетін қойды. Өткен жылдардағы ең үздік олимпиада жеңімпаздары қазіргілерге көмектесті, ал 15 жылда команданың деңгейі айтарлықтай өсті. Бастапқыда Сауд Арабиясының химиктері қола медальдар, содан кейін күміс медальдар алды. Әлі алтын жоқ болғанымен, оны алуға да жақындап қалды", - дейді Александр Гладилин.

Менделеев олимпиадасы туралы бірнеше дерек

Менделеев олимпиадасына ұлттық химия олимпиадаларының жеңімпаздары арасынан мектептердің бітіруші және бітіруалды сыныптарының оқушылары қатысады. Дегенмен ХМО халықаралық және көптеген ұлттық химия олимпиадасынан бірқатар елеулі айырмашылықтарға ие. Мысалы, оның бағдарламасы мен тапсырмалардың дайындық кешені жоқ болғандықтан, қатысушылар химияның әр түрлі салаларын жақсы білуі керек.
ХМО тапсырмаларын тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік комиссия дайындайды, оның құрамына олимпиадаға қатысушы елдердің жетекші ғалымдары мен химия мұғалімдері кіреді. ХМО ресми жұмыс тілдері – орыс және ағылшын тілдері. Қажет болса, топ жетекшілері тапсырмаларды ана тіліне аудара алады.
Әдістемелік комиссияның жұмысына және қазылар алқасының қатарында профессор және оқытушылармен бірге студенттер мен аспиранттармен, яғни кешегі Менделеев олимпиадасының жеңімпаздары да бар. Ұйымдастырушылардың ойынша, бұл дәстүрлер сабақтастықтығын сақтауға көмектеседі.
Олимпиаданы қаржыландыру жылдар бойы әр түрлі қаржылық құрылымдар мен фирмалардың демеушілігімен жүзеге асырылды. 1997 жылдан бастап олимпиаданы өткізуге кететін шығындардың едәуір бөлігін олимпиаданы өткізген елдердің үкіметтері де көтерді. Қазіргі уақытта ХМО-ның бірлескен ұйымдастырушысы болып табылатын Андрей Мельниченко атындағы қайырымдылық қоры 50-ші ХМО-дан бастап олимпиадаға қолдау көрсетіп келеді.
Жаңалықтар
0