Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

"Қазақстан халқына" қоры қаңтарда зардап шеккендерге 2,4 млрд теңге бөлді

© AP Photo / Vladimir TretyakovҚаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгені туралы ақпарат берді.
Қаралы қаңтарда зардап шеккен 614 адамға жалпы сомасы 2 миллиард 434 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Абайсызда қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңгеден көмек көрсетілген.
Қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға 262 миллион теңге бөлінді.

Атыс қаруынан жарақат алып, жәбірленуші деп танылған 200-ден астам ауыр жарақаттанған кәмелетке толған азамат қордан 606 миллион теңге алды.
Жарақат алған 13 баланың отбасына 39 миллион теңге берілді.
Қаза тапқан 19 әскери қызметкердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына қордан 133 миллион теңге бөлінді.
Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметкерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 333 миллион берілді.

Қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға 46 миллион теңге бөлінді.
ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің ғимараты. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда ұлттық қауіпсіздік генералы алты жылға сотталды
Жаңалықтар
0