https://sputnik.kz/20230419/qazaqstan-ekonomikasy-qantar-nauryz-aylarynda-49-ga-osti-34069956.html
Қазақстан экономикасы қаңтар-наурыз айларында 4,9%-ке өсті
Қазақстан экономикасы қаңтар-наурыз айларында 4,9%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9%-ті құрады. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан... 19.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-19T09:15+0500
2023-04-19T09:15+0500
2023-04-19T09:32+0500
экономика
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4edf2ae444e8e038b47705806a657b89.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9%-ті құрады. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, биыл қабылданған шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Құрылыста – 16%, саудада – 12%, көлік саласында – 8%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі үш айда 16%-ке, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ке артты. Бұл өз кезегінде биылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 триллион теңге бөлуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық резервтері 94 миллиард долларды құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 миллиард долларға өсіп, 58 миллиард долларға жетті. Премьер-министр халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.
https://sputnik.kz/20230404/smayylov-deputattardyn-syny-zhayly-bul-qalypty-zhagday-33554396.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fdd4a6b03e65e78ec66483955930b57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстан экономикасы қаңтар-наурыз айларында 4,9%-ке өсті
09:15 19.04.2023 (жаңартылды: 09:32 19.04.2023) АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9%-ті құрады. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, биыл қабылданған шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
"Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,9%-ды құрады. Барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр", - деді Смайылов.
Құрылыста – 16%, саудада – 12%, көлік саласында – 8%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі үш айда 16%-ке, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ке артты.
Бұл өз кезегінде биылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 триллион теңге бөлуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық резервтері 94 миллиард долларды құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 миллиард долларға өсіп, 58 миллиард долларға жетті.
Премьер-министр халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.