https://sputnik.kz/20230419/defender-23-oqu-zhattygulary-ukraina-askerinin-qarsy-shabuylyna-dayyndyq-pa-34146283.html
Defender-23 оқу-жаттығулары Украина әскерінің қарсы шабуылына дайындық па
Defender-23 оқу-жаттығулары Украина әскерінің қарсы шабуылына дайындық па
Sputnik Қазақстан
НАТО-ның барлық одақтас елінің қатысуымен Еуропадағы АҚШ армиясының Defender-23 маневрлері америкалықтар 30 сәуірге белгілеген Украина Қарулы күштерінің қарсы... 19.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-19T22:58+0500
2023-04-19T22:58+0500
2023-04-25T15:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/95/81/958101_0:0:3127:1759_1920x0_80_0_0_a99df16b6ea8bf01d4cf611bbf6cf3f5.jpg
НАТО-ның барлық одақтас елінің қатысуымен Еуропадағы АҚШ армиясының Defender-23 маневрлері америкалықтар 30 сәуірге белгілеген Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылымен сәйкес келуі кездейсоқ емес, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Украина әскерінің шабуыл әрекеттері сәтсіз болған жағдайда АҚШ пен НАТО әскерінің стратегиялық орналасуы Киев режимін жедел қолдауға және альянс пен Ресей арасындағы тікелей әскери қақтығысқа айналуы мүмкін.22 сәуірде Еуропаның он елінің аумағында АҚШ армиясының екі айға созылатын кең ауқымды Defender-23 әскери маневрлері басталады. Оған 9 мың америкалық сарбаз және 26 одақтас елдің 17 мың әскери қызметкері қатысады. Пентагон қазірдің өзінде еуропалық әскери іс-қимылдар театрына 7 мыңнан астам техника жіберді. Defender-23 оқу-жаттығуларына Еуропада бұрын орналастырылған америкалық армияның қорынан 13 мың дана әскери техника тартылады. Альянстың әскери-әуе күштері қатарында 24 елден 230 ұшақ жұмылдырылады.Defender-23 маневрлерінің декларацияланған мақсаттары АҚШ Қарулы күштерінің "Еуропадағы бейбітшілікке қауіп төндіретіндердің жолын кесу және континентті агрессиядан қорғау" үшін жауынгерлік әзірліктегі әскер мен техниканы жылдам шоғврландыру мүмкіндігін растауды қамтиды. Бұған дейін Украинадағы қақтығыс жағдайында Еуропадағы америкалық әскерилердің саны 100 мыңға дейін өсті."Defender-23 және Украина Қарулы күштерінің көктемгі қарсы шабуылының уақыты бір мезгілге белгіленуі күдікті болып көрінеді. Оның үстіне күні кеше АҚШ Конгресіне Украинадағы америкалық сарбаздардың санын жариялау туралы қарар жобасы ұсынылды", - деп жазды Хроленко.АҚШ пен НАТО Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. 21 сәуірде Германиядағы Рамштайн әскери-әуе базасында АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Біріккен штаб басшылары комитетінің төрағасы Марк Миллидің жетекшілігімен Украинаны қорғау жөніндегі байланыс тобының, яғни 50 елдің кезекті отырысы өтеді. Басты мәселе ретінде Украина Қарулы күштеріне оқ-дәрілерді, броньдалған машиналарды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін және соққы жасау ұшақтарын, негізінен МиГ-29 ұшағын жеткізуді ұлғайту талқыланады. Киев НАТО-ның жойғыш ұшақтарын талап етіп отыр, бірақ Вашингтон әлі де F-16 ұшақтарын жеткізуді қарастырып отырған жоқ.Батыс сарапшылары алдағы қарсы шабуылдың алғашқы 24 сағатын шешуші деп санайды. Себебі Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылды ұзақ жүргізуге оқ-дәрісі жеткіліксіз болады. Пентагон әуе шабуылына қарсы мықты қорғаныс жүйесі болмаса, Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 40 жылдық пайдалану кезінде бірде-бір жау ұшағын атып түсірген жоқ. Сонымен қатар IRIS-T және NASAMS заманауи (эксперименттік) зениттік зымыран кешендерінің күші де айқын емес. Сол себепті әуе абуылына қарсы мұндай мықты қорғаныс жүйесі НАТО-ның өзінде де жоқ деуге негіз бар.Ресей Украинаның әскери іс-қимылдар театрының әуе кеңістігін сенімді бақылауда ұстап тұр және броньдалған тасымалдаушылар мен атыс күші бойынша айтарлықтай басымдыққа ие. Бұл ретте Батыстағылар Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылына байланысты АҚШ пен НАТО Ресей армиясының "экстремалды тактикасына" дайындалып жатқанын хабарлап отыр.Хроленконың пікірінше, Defender-23 маневрлері Еуропа мен Солтүстік Американы ядролық қақтығысқа жұмылдыруға себеп болуы мүмкін. Соңғы 78 жылда америкалықтар мен олардың одақтастары 200-ден астам әскери қақтығыстарға бастамашылық жасап, планетаның жартысы болатын 120 елді бомбалады. Ұжымдық Батыс өз әрекеттерімен Украинадағы әскери қақтығысты тудырды, эскалацияға тікелей ықпал етті, қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы Киев режимін соғысты тоқтаусыз жүргізуге мәжбүрлейді, арнайы әскери операцияның украин жерінен тыс шығу қаупін тудырып отыр.17 сәуірде АҚШ Конгресі АҚШ Әскери-әуе күштерінің MQ-9 Reaper пилотсыз ұшу аппаратының наурыз айында Қырым жағалауында атып түсірілгені үшін Ресей Федерациясының жауапкершілігі туралы резолюция қабылдады. Осыдан кейін Батыс Мәскеуді "кез келген құралдарды" қолданды деп айыптауға тырысады және бұл ең алдымен тактикалық ядролық қаруға қатысты болып отырғаны анық."Ресей тарихтың бағытын, ұлттық қауіпсіздік шекарасын, ұлттық қауіпсіздік шекарасын, қорғаныс өнеркәсібінің технологиялық деңгейі мен көлемін, әскерлердің жедел әрекетін, қолданылатын қару-жарақ ауқымын, қарсыласты жою уақытын өз бетінше белгілейді. Себебі Ресей ұлттық мүддені бірінші орынға қойып отырған тәуелсіз мемлекет", - деп жазды сарапшы.Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Вашингтонда Украинадағы қақтығыс келесі жылы да жалғасатынын, себебі шындыққа тура қарап, Ресей бір күнде күйрейді деп күтпеу керектігін айтты.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/95/81/958101_187:0:2916:2047_1920x0_80_0_0_a49ae19757d853cc18a027583e9a8860.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
НАТО-ның барлық одақтас елінің қатысуымен Еуропадағы АҚШ армиясының Defender-23 маневрлері америкалықтар 30 сәуірге белгілеген Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылымен сәйкес келуі кездейсоқ емес, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина әскерінің шабуыл әрекеттері сәтсіз болған жағдайда АҚШ пен НАТО әскерінің стратегиялық орналасуы Киев режимін жедел қолдауға және альянс пен Ресей арасындағы тікелей әскери қақтығысқа айналуы мүмкін.
22 сәуірде Еуропаның он елінің аумағында АҚШ армиясының екі айға созылатын кең ауқымды Defender-23 әскери маневрлері басталады. Оған 9 мың америкалық сарбаз және 26 одақтас елдің 17 мың әскери қызметкері қатысады. Пентагон қазірдің өзінде еуропалық әскери іс-қимылдар театрына 7 мыңнан астам техника жіберді. Defender-23 оқу-жаттығуларына Еуропада бұрын орналастырылған америкалық армияның қорынан 13 мың дана әскери техника тартылады. Альянстың әскери-әуе күштері қатарында 24 елден 230 ұшақ жұмылдырылады.
Defender-23 маневрлерінің декларацияланған мақсаттары АҚШ Қарулы күштерінің "Еуропадағы бейбітшілікке қауіп төндіретіндердің жолын кесу және континентті агрессиядан қорғау" үшін жауынгерлік әзірліктегі әскер мен техниканы жылдам шоғврландыру мүмкіндігін растауды қамтиды. Бұған дейін Украинадағы қақтығыс жағдайында Еуропадағы америкалық әскерилердің саны 100 мыңға дейін өсті.
"Defender-23 және Украина Қарулы күштерінің көктемгі қарсы шабуылының уақыты бір мезгілге белгіленуі күдікті болып көрінеді. Оның үстіне күні кеше АҚШ Конгресіне Украинадағы америкалық сарбаздардың санын жариялау туралы қарар жобасы ұсынылды", - деп жазды Хроленко.
АҚШ пен НАТО Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. 21 сәуірде Германиядағы Рамштайн әскери-әуе базасында АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Біріккен штаб басшылары комитетінің төрағасы Марк Миллидің жетекшілігімен Украинаны қорғау жөніндегі байланыс тобының, яғни 50 елдің кезекті отырысы өтеді. Басты мәселе ретінде Украина Қарулы күштеріне оқ-дәрілерді, броньдалған машиналарды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін және соққы жасау ұшақтарын, негізінен МиГ-29 ұшағын жеткізуді ұлғайту талқыланады. Киев НАТО-ның жойғыш ұшақтарын талап етіп отыр, бірақ Вашингтон әлі де F-16 ұшақтарын жеткізуді қарастырып отырған жоқ.
Батыс сарапшылары алдағы қарсы шабуылдың алғашқы 24 сағатын шешуші деп санайды. Себебі Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылды ұзақ жүргізуге оқ-дәрісі жеткіліксіз болады. Пентагон әуе шабуылына қарсы мықты қорғаныс жүйесі болмаса, Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 40 жылдық пайдалану кезінде бірде-бір жау ұшағын атып түсірген жоқ. Сонымен қатар IRIS-T және NASAMS заманауи (эксперименттік) зениттік зымыран кешендерінің күші де айқын емес. Сол себепті әуе абуылына қарсы мұндай мықты қорғаныс жүйесі НАТО-ның өзінде де жоқ деуге негіз бар.
Ресей Украинаның әскери іс-қимылдар театрының әуе кеңістігін сенімді бақылауда ұстап тұр және броньдалған тасымалдаушылар мен атыс күші бойынша айтарлықтай басымдыққа ие. Бұл ретте Батыстағылар Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылына байланысты АҚШ пен НАТО Ресей армиясының "экстремалды тактикасына" дайындалып жатқанын хабарлап отыр.
Хроленконың пікірінше, Defender-23 маневрлері Еуропа мен Солтүстік Американы ядролық қақтығысқа жұмылдыруға себеп болуы мүмкін. Соңғы 78 жылда америкалықтар мен олардың одақтастары 200-ден астам әскери қақтығыстарға бастамашылық жасап, планетаның жартысы болатын 120 елді бомбалады. Ұжымдық Батыс өз әрекеттерімен Украинадағы әскери қақтығысты тудырды, эскалацияға тікелей ықпал етті, қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы Киев режимін соғысты тоқтаусыз жүргізуге мәжбүрлейді, арнайы әскери операцияның украин жерінен тыс шығу қаупін тудырып отыр.
17 сәуірде АҚШ Конгресі АҚШ Әскери-әуе күштерінің MQ-9 Reaper пилотсыз ұшу аппаратының наурыз айында Қырым жағалауында атып түсірілгені үшін Ресей Федерациясының жауапкершілігі туралы резолюция қабылдады. Осыдан кейін Батыс Мәскеуді "кез келген құралдарды" қолданды деп айыптауға тырысады және бұл ең алдымен тактикалық ядролық қаруға қатысты болып отырғаны анық.
"Ресей тарихтың бағытын, ұлттық қауіпсіздік шекарасын, ұлттық қауіпсіздік шекарасын, қорғаныс өнеркәсібінің технологиялық деңгейі мен көлемін, әскерлердің жедел әрекетін, қолданылатын қару-жарақ ауқымын, қарсыласты жою уақытын өз бетінше белгілейді. Себебі Ресей ұлттық мүддені бірінші орынға қойып отырған тәуелсіз мемлекет", - деп жазды сарапшы.
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Вашингтонда Украинадағы қақтығыс келесі жылы да жалғасатынын, себебі шындыққа тура қарап, Ресей бір күнде күйрейді деп күтпеу керектігін айтты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы