Білім

Биыл күзде студенттердің стипендиясы өседі

© Photo : Pixabay / Студент
Студент - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Бірінші қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі.
"Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы колледжерде 50 пайызға, университеттерде 20 пайызға артады", - деді Көлгінов.
Астанада президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Көлгіновке дейін премьер-министр Әлихан Смайылов баяндама жасады. Ол биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 4,9%-ті құрағанын айтты.
Қазақстанның халықаралық резервтері 94 миллиард долларды құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 миллиард долларға өсіп, 58 миллиард долларға жетті.
Теңге, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жалақы, стипендия, жәрдемақы өседі: әлеуметтік саланың шығысы ұлғайтылады
Жаңалықтар
0