https://sputnik.kz/20230419/almatyda-taksi-zhurgizushi-sheteldik-azamatty-qonaquyge-45-myn-tengege-apargan-34108785.html
Алматыда такси жүргізуші шетелдік азаматты қонақүйге 45 мың теңгеге апарған
Алматыда такси жүргізуші шетелдік азаматты қонақүйге 45 мың теңгеге апарған
Sputnik Қазақстан
Алматы полициясына "Франкфурт – Алматы" бағытындағы рейстен түскен 43 жастағы Германия азаматы шағымданып келді.
2023-04-19T17:01+0500
2023-04-19T17:01+0500
2023-04-19T17:01+0500
такси
https://sputnik.kz/img/161/83/1618306_0:0:3253:1830_1920x0_80_0_0_c7d12ea9655bd8779147c6870130755e.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Көлік полицейлері шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуе компаниясының "Франкфурт – Алматы" бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданып келді. Ол өзін әуежайдан қонақүйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған.Көлік полицейлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынын, жеке такси жүргізушісін анықтады. Ер адам германиялық азаматқа қоғамдық орындарда тиісіп, арбап, оған такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған.Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Германиялық азамат көлік полицейлеріне жоғары кәсібилік танытқаны және қаражатын кері қайтарып алуға үлес қосқаны үшін алғысын айтты.Еске сала кетейік, осы жылдың басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 970 азамат жауапқа тартылды. Оның ішінде қоғамдық орындарда тиіскені үшін 880 азамат анықталған. Оның 243-і – заңсыз такси жүргізушілері.
https://sputnik.kz/20221014/taksi-bir-zhylda-377-ga-deyin-qymbattady-28458076.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/83/1618306_315:0:3046:2048_1920x0_80_0_0_ec1e8ac075668a92af97f8c2cfe2368d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси
Алматыда такси жүргізуші шетелдік азаматты қонақүйге 45 мың теңгеге апарған
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Көлік полицейлері шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісін анықтады, деп хабарлады
Polisia.kz. 18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуе компаниясының "Франкфурт – Алматы" бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданып келді. Ол өзін әуежайдан қонақүйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған.
Көлік полицейлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынын, жеке такси жүргізушісін анықтады. Ер адам германиялық азаматқа қоғамдық орындарда тиісіп, арбап, оған такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған.
Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Германиялық азамат көлік полицейлеріне жоғары кәсібилік танытқаны және қаражатын кері қайтарып алуға үлес қосқаны үшін алғысын айтты.
Еске сала кетейік, осы жылдың басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 970 азамат жауапқа тартылды. Оның ішінде қоғамдық орындарда тиіскені үшін 880 азамат анықталған. Оның 243-і – заңсыз такси жүргізушілері.