Оқиға

"5 млн талап етіп отыр": Алматы базарының сатушылары шу шығарды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы базары
Алматы базары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Алматыда "Кенжехан" базарының сатушылары шу шығарды. Нысанның иесі әрбіреуінен бес миллион теңге талап етіп отыр. Ол ақшаға базарға күрделі жөндеу жасамақ.
Жазда базар күрделі жөндеуге жабылады. Оған дейін 1600 сатушы 5 миллион теңгеден жинап беруі керек. Саудагер Қадырәлі Жұмадүрдінің айтуынша, база иесі алдын ала ешкімге ештеңе айтпады. Енді ақшаны бір айдың ішінде жинап берсін деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Тақалған кезде тағы 10 мың доллар керек дейді. Расында бір айда 10 мың доллар іс жүзінде ешкім шығара алмайды. Ол кепіл. Мен өзім заңды оқығанмын, бірінші шарт әкелу керек, әкімдік рұқсаты керек. Қызыл сызықта бар ма, жоқ па?", - дейді Жұмадүрді.

Кәсіпкерлер кезінде әрбір контейнерді қып-қызыл ақшаға сатып алған. Бірақ бір жыл бұрын ауысқан базар басшылығы бұған дейінгі келісімшарттарға қарап жатқан жоқ.
"2014 жылы 12 500 доллардан бәріміз сатып алғанбыз. Енді бүгін контейнерлерімізді кері сатып алуымыз керек екен. Мысалы, менің екі орным бар, жиырма мың долларға бір айдың ішінде аяқасты тауып бере алмаймын. Өйткені алдымызда маусым келе жатыр", - деп атап көрсетті тағы бір саудагер Ануза Дәуітова.
"Кенжехан" базары 2014 жылы ашылған. Бір контейнер үшін базар әкімшілігіне ай сайын 50 мың теңге төлеу керек. Ал контейнер иесі тағы 150 мың теңге алады. Сонда ай сайынғы төлем 200 мың теңгеден асып кетеді. Былтыр келген жаңа басшыны әлі ешкім көрмеді. Оның орнына өзін атқарушы директормын деген базар өкілі жүр. Күрделі жөндеуге 1600 саудагерден 5 миллион теңгеден ақша жиналса, 8 миллиард теңге шығады.
Демек, модернизацияның өзіне 10 миллиард жұмсалса, соның 80 пайызы кәсіпкерлердің қалтасынан төленеді. "Кенжехан" базарының атқарушы директоры Ардақ Тәжиевтің айтуынша, үкімет те ақша береді.
"Үкімет ақша береді, бәленбай миллиард модернизацияға, қарызға. Бірақ несиені әзірге бермей жатыр. Оған сол үшін халық өзі ақшасын шығарады. Бірақ әр адаммен келісімшарт жасаймыз", - дейді ол.
Сатушылар жаппай көтеріліп, бір күн жұмысқа шықпағаннан кейін базар басшылығы бөліп төлеуге мүмкіндік береміз деп шықты. Бірақ кәсіпкерлер оған де келіспейді.
Жаңалықтар
0