https://sputnik.kz/20230418/uleskerlerdin-aqshasyn-qabyldauga-ruqsat-almagan-kompaniyalardyn-tizimi-zhanardy-34063622.html
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алмаған компаниялардың тізімі жаңарды
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алмаған компаниялардың тізімі жаңарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңартылды, деп... 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T18:20+0500
2023-04-18T18:20+0500
2023-04-18T18:20+0500
үлескерлер
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854152_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5e296b559eb89434ef42cb8312c2b9e6.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәміле, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн.Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.Барлық сұрақ бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.Үлескерлердің тізімі мына жерде жарияланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854152_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_a8ca607b8c8f6de6e82b5e4b394a2dc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үлескерлер
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алмаған компаниялардың тізімі жаңарды
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жаңартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми
сайты.
Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәміле, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.
Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн.
Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Барлық сұрақ бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03.
Үлескерлердің тізімі
мына жерде жарияланған.