https://sputnik.kz/20230418/toqaev-khabardyn-atqargan-zhumysyn-on-bagalady-34058809.html
Тоқаев "Хабардың" атқарған жұмысын оң бағалады
Тоқаев "Хабардың" атқарған жұмысын оң бағалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T16:50+0500
2023-04-18T16:50+0500
2023-04-18T16:50+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_77:0:3718:2048_1920x0_80_0_0_3ff08b301c0b654e0a0066cf4694c14a.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.Атап айтқанда, агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.Сонымен қатар мемлекет басшысына "Хабар" агенттігін" техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20210223/Toqaev-BAQ-16367468.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_532:0:3263:2048_1920x0_80_0_0_9d8e64e4c928a2e4171f33f19a4a1e7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқаев берік уәли хабар
Тоқаев "Хабардың" атқарған жұмысын оң бағалады
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.
Атап айтқанда, агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.
Сонымен қатар мемлекет басшысына "Хабар" агенттігін" техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.