Спорт

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Жазылу
Қазақстан құрамасы Италия, АҚШ, Германия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания сияқты командалардан басым түсті
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup кубогының жаңартылған рейтингінде 10-шы орыннан жетінші орынға көтерілді.
Бұл - біздің әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Швейцария құрамасы, яғни Billie Jean King Cup кубогының қазіргі чемпионы әлемдік рейтингтің көшбасшысы.
Еске салсақ, қазақстандық әйелдер командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Польшаны 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің финалдық кезеңіне өткен болатын.
Рыбакина жас теннисшілермен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Спорт
Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 млн теңгеден берді
Жаңалықтар
0