Сәтқалиев президентке ірі мұнай-газ жобаларын дамыту мәселесі туралы баяндады

© Sputnik / Всеволод Тарасевич / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке еліміздің отын-энергетика кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, жанар-жағармай нарығын үздіксіз қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобаларын одан әрі дамыту мәселесі туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету және жалпы газ саласын дамыту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Энергетика министрі биыл Қазақстанда тауарлық газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін энергия тиімділігін арттыру жоспары әзірленетінін айтты.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысына генерация секторындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясының тапшылығын жою, электр энергетикасы саласын реттеу тәсілдерін жетілдіру және нарықты дамытудың жаңа моделін енгізу перспективалары туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында президент еліміздің энергетика инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың, сондай-ақ мұнай-газ жобаларын уақытылы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.
Президент Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Тоқаев пен IAEA бас директоры АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелерді талқылады
Жаңалықтар
0