Ресей Қырғызстанға электр энергиясын Қазақстан арқылы жеткізуді бастады

© Photo : Pixabay / David MarkЭлектр желісі
Электр желісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. 15 сәуірде ресейлік "Интер РАО" энергетика компаниясы Қазақстанның Бірыңғай энергетика жүйесі арқылы транзитпен Ресейден Қырғызстанға электр энергиясын жеткізе бастады, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі компанияға сілтеме жасап.
"2023 жылдың 15 сәуірінде тарихта алғаш рет Ресейдің Бірыңғай энергетика жүйесінен Қырғызстанның энергетика жүйесіне электр энергиясын Қазақстанның Бірыңғай энергетика жүйесі арқылы транзитпен жеткізу басталды. 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңге жоспарланған жалпы жеткізу көлемі 900 миллион кВт/сағ деңгейіне жуықтайды", - деп жазылған хабарламада.
Жеткізудің жоспарланған кестесін жедел-диспетчерлік бақылау ережелеріне және энергетикалық нарықтардың жұмыс істеу ережелеріне сәйкес тараптар тұрақты негізде келісетіні аталып өткен.
Қазіргі уақытта жеткізілім сағатына 400 МВт-қа дейін жетеді. Қазақстанның Бірыңғай энергетика жүйесі электр желілерінің өткізу қабілеті (транзиті) жеткізу көлемін анықтайтын негізгі фактор болып саналады.
"Егер транзиттік әлеуетті арттыру мүмкін болса, онда ресейлік тарап Қырғызстанға қолда бар ақпарат бойынша 3 миллиард кВт/сағ болып отырған тапшылықты толығымен жабатын көлемде электр энергетикасын жеткізуге дайын", - деп мәлімдеді "Интер РАО" компаниясы.
"Интер РАО" – Ресейдегі, сондай-ақ Еуропа мен ТМД елдеріндегі активтердібасқаратын әртараптандырылған энергетикалық холдинг. "Интер РАО" Ресей Федерациясындағы электр энергиясын экспорттау және импорттау бойынша жалғыз оператор саналады.
Жаңалықтар
0