Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей президенті Херсон бағытындағы әскери штабқа барды

© SputnikБоец группы "Вагнер" в Артёмовске (Бахмуте) в ДНР
Боец группы Вагнер в Артёмовске (Бахмуте) в ДНР - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путиннің Донбасс пен Херсон облысындағы майдан шебіндегі жұмысы Кремльдің арнайы әскери операцияның мақсаттарына, атап айтқанда, Ресейдің жаңа аймақтарын украиналық оккупациялау әскерінен толық азат ету, Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауға қол жеткізуге деген берік ұстанымын көрсетеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
17 сәуірде Ресей президенті және Жоғарғы бас қолбасшы Владимир Путин Херсон бағытында ресейлік әскердің "Днепр" тобының және Луганск Халық Республикасындағы "Восток" ұлттық гвардиясының штабында болды. Ол әскери қолбасшылар Михаил Теплинскийд, Олег Макаревич және Александр Лапиннің баяндамаларын тыңдады, яғни осы аталған аумақтағы жедел жағдаймен жеке танысты, Херсон және Запорожье бағыттарында Ресей күштерінің стратегиялық басымдықтарын нақтылады.
"Бұл Владимир Путиннің әскери іс-қимылдар аймағына бірінші рет келуі емес. Бұған дейін ол Мариупольде болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысын бағалады. Президенттің Ресейдің жаңа аймақтарына жасаған сапарлары өз елі үшін де, өзгелер үшін де ерекше мағынаға толы", - деп жазды Хроленко.
Арнайы әскери операцияны өткізуге байланысты ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарының аумақтарында 2022 жылдың қазан айынан бастап әрекет етудің жоғарғы деңгейлі режимі енгізілген. Бұл режим кезінде өңірдегі билік органдары "Әскери жағдай туралы" заңда көзделген өкілеттіктерге ие болады. Владимир Путинге арнайы әскери операцияның алдыңғы шебіне жеке қатысу және жауынгерлік жұмысқа араласуы міндетті емес. Бірақ бұл мақсатқа жетуге деген мемлекеттік еріктің сенімді көрінісі, дейді әскери сарапшы.
Арнайы операция аймағындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Себебі Ресей әскерінің күштері мен құралдары сан және сапа жағынан басым болса, Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері майданның түйіспе желісінің жекелеген учаскелерінде қарсы шабуылға шығуға тырысып, айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр. Авдеевка, Артемовск, Северск, Соледар, Марьинка, Угледар және Сватово-Кременная желісінде қызу шайқас жүріп жатыр.
НАТО-ның шығыс қапталында – Балтық жағалауы елдері, Польша, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгарияда – АҚШ пен оның одақтастары альянстың материалдық-техникалық базасын дамытып, қосымша әскер шоғырландырып, Ресеймен тікелей әскери қақтығыс болған жағдайға дайындық ретінде әскери-өнеркәсіптік кешенді қайта баптап жатыр. The New York Times газетінің хабарлауынша, НАТО аталған сегіз елдің әрқайсысында 5 мыңға дейінгі көлемдегі әскерден тұратын толыққанды бригаданы орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл Ресейді тежеу әлдеқайда ауқымды сипатта болуын көздейді.
Сегіз "жауынгерлік топ" саны жағынан 40 мың жауынгерге дейін, яғни төрт есеге артады. Шығыс қанатта альянстың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша үлкен жоспарлар бар. Хроленконың пікірінше, анығында НАТО стратегтері шығысқа қарай кеңеюдің жоғары қауіптілігін бүкіл әлемге дәлелдесе де, әлі де қауіпсіздік туралы демагогияның жетегінде жүр.
18 сәуірге қараған түні Украинаның Днепропетровск, Николаев, Сумы, Полтава және Харьков облыстарында әуе ескертуі жарияланды. Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттен кейін 10 қазаннан бастап Ресей Федерациясының Қарулы күштері қарсы тараптың бүкіл аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына күн сайын дерлік жоғары дәлдіктегі зымырандармен соққы жасап жатыр.
Соңғы тәулікте Оңтүстік-Донецк және Запорожье бағыттарында Угледар, Новополь және Полтавка елді мекендері аудандарындағы украин бөлімшелері ресейлік "Восток" әскери тобының жедел-тактикалық және армия авиациясының, артиллериялық атыстары және "Солнцепек" соққыларынан зардап шекті. Авдевка маңында Украина Қарулы күштерінің 25-ші әуе-десанттық және 110-шы механикаландырылған бригадаларының басқару бекеттері жойылды. Сонымен қатар Гуляйполе және Червоная Криница елді мекендері аудандарында екі оқ-дәрі қоймасы жарылды.
Ресей авиациясы Украина Қарулы күштерінің Артемовск қаласының батысындағы және қаладан шыға берістегі негізгі нысандарына УПАБ-1500 басқарылатын бомбаларымен соққы жасап жатыр. Қапталдағы әуе-десанттық әскердің қолдауымен "Вагнер" жеке меншік компаниясының шабуылдаушылары күн сайын Артемовск қаласының батыс бөлігіндегі екі орамды азат етіп жатыр. Бүгінде Украина Қарулы күштері қала аумағының 10 процентінен аспайтын бөлігін бақылайды.
"Авдеевка және Марьинка бағыттарында ірі калибрлі артиллерия украин әскерінің 59-шы механикаландырылған және 79-шы десанттық шабуылдау бригадаларының бекіністері мен уақытша орналасу аймақтарын қиратып жатыр. Северск аумағында Оңтүстік әскери округтің 2-ші армия корпусының "Ураган" және "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелері Украина Қарулы күштерінің 54-ші механикаландырылған бригадасының адам күші мен техникасы шоғырланған аумаққа шабуыл жасады", - деп жазылған материалда.
Киев режимінің өкілдері Украина Қарулы күштерінің жақын арада болатын кең ауқымды қарсы шабуылы туралы жиі мәлімдейді. Бірақ бұл үшін АҚШ пен НАТО-ның ресурстары, яғни қаруы мен оқ-дәрісі жеткіліксіз.
Украина Қарулы күштері әскер саны бойынша, сондай-ақ авиациялық және артиллериялық қолдау бойынша қажетті үш есе басымдықа ие емес.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0