https://sputnik.kz/20230418/qoshanov-shevron-basshylygyn-zhergilikti-turgyndardyn--maselesin-sheshuge-shaqyrdy-34065462.html
Қошанов "Шеврон" басшылығын жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуге шақырды
Қошанов "Шеврон" басшылығын жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Шеврон" корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнессті қабылдады. 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T20:03+0500
2023-04-18T20:03+0500
2023-04-18T20:03+0500
ерлан қошанов
https://sputnik.kz/img/07e7/04/12/34062750_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_bcade202bf2c6ade73123104554a5dd9.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Шеврон" корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнессті қабылдады.Тараптар компания жұмысындағы отандық үлесті арттыру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.Ерлан Қошанов жуырдағы сайлау науқаны кезінде депутаттардың батыс облыстардағы тұрғындармен өткен кездесуі кезінде көтерілген түйткілді мәселелерге толығырақ тоқталды.Соның бірі – Атырау облысының Доссор елді мекеніндегі және Құлсары қаласындағы апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесі мен халықты әлеуметтік қолдау.Бұдан бөлек, қазақстандық жұмысшыларға лайықты жағдай жасап, әділ еңбекақы төлеу, вахта мерзімін қысқарту, жергілікті кадрларды даярлауды күшейту мәселесі де кеңінен қозғалды.Ал Дерек Магнесс компанияның ең басты ресурсы адам екенін атап өтті. Ол жергілікті кадрларды дамытуға инвестиция салуға, сондай-ақ компания орналасқан осы аймақтың дамуына қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. Ол мәжіліс төрағасына компанияның депутаттар тарапынан айтылған барлық ұсынысқа мұқият қарайтынын жеткізді.Сөз соңында Ерлан Қошанов "Шеврон" компаниясының басшылығын жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және аймақты дамытуға белсене атсалысуға шақырды.Кездесуге мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов (Атырау облысы), Еділ Жаңбыршин (Маңғыстау облысы) қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/12/34062750_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0bb77e35e144e15c9c5e1c2b2f89d616.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қошанов
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Шеврон" корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнессті қабылдады.
Тараптар компания жұмысындағы отандық үлесті арттыру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
Ерлан Қошанов жуырдағы сайлау науқаны кезінде депутаттардың батыс облыстардағы тұрғындармен өткен кездесуі кезінде көтерілген түйткілді мәселелерге толығырақ тоқталды.
Соның бірі – Атырау облысының Доссор елді мекеніндегі және Құлсары қаласындағы апатты жағдайдағы тұрғын үй мәселесі мен халықты әлеуметтік қолдау.
Бұдан бөлек, қазақстандық жұмысшыларға лайықты жағдай жасап, әділ еңбекақы төлеу, вахта мерзімін қысқарту, жергілікті кадрларды даярлауды күшейту мәселесі де кеңінен қозғалды.
"Бүгінде елімізде мұнай-газ саласында білікті мамандар жетерлік. Біраз жерлесіміз шетелдің беделді оқу орындарында білім алып, трансұлттық компанияларда тәжірибе жинақтады. Осыған байланысты жергілікті мамандарға шетелдік әріптестермен бірдей жалақы төлеп, оларға сенім артуларыңызды сұраймыз", – деді палата төрағасы.
Ал Дерек Магнесс компанияның ең басты ресурсы адам екенін атап өтті. Ол жергілікті кадрларды дамытуға инвестиция салуға, сондай-ақ компания орналасқан осы аймақтың дамуына қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. Ол мәжіліс төрағасына компанияның депутаттар тарапынан айтылған барлық ұсынысқа мұқият қарайтынын жеткізді.
Сөз соңында Ерлан Қошанов "Шеврон" компаниясының басшылығын жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және аймақты дамытуға белсене атсалысуға шақырды.
Кездесуге мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов (Атырау облысы), Еділ Жаңбыршин (Маңғыстау облысы) қатысты.