https://sputnik.kz/20230418/esil-arnasynan-tasydy-petropavlda-700-ge-zhuyq-sayazhay-su-astynda-qaldy-34059833.html
Есіл арнасынан тасыды: Петропавлда 700-ге жуық саяжай су астында қалды
Есіл арнасынан тасыды: Петропавлда 700-ге жуық саяжай су астында қалды
Sputnik Қазақстан
Су әлі келіп жатқандықтан су тасқынының ауқымы алдағы уақытта ұлғаяды, құтқарушылар ең жоғарғы су деңгейі 19-20 сәуірде болады деп болжап отыр 18.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-18T20:36+0500
2023-04-18T20:36+0500
2023-04-18T20:36+0500
су тасқыны
петропавл
https://sputnik.kz/img/544/74/5447480_0:177:960:717_1920x0_80_0_0_a42be5ff52dd063982012f8ca70ba443.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 18 сәуір – Sputnik. Петропавлда Есіл өзенінің тасуы салдарынан 700-ге жуық саяжай су астында қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Дүйсенбі күні қалада 30-ға жуық саяжайды су басқан болса, сейсенбіде Петропавлдың шетінде орналасқан жүздеген саяжай аумағына су кірген.Сондай-ақ қалада республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесін су басқан. Республикалық маңызы бар Челябі – Новосибирск тас жолының 528-ші шақырымында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Петропавл қаласындағы Заречный ауылының маңындағы тас жолдың үстін су басқан.Жолдың осы учаскесінде су қоймасын пайдалану ережелеріне сәйкес Петропавл су гидроторабының су бұру арнасы жобаланған.Полиция қызметкерлері мен жол қозғалысы ұйымдары ескерту белгілерін қойды. Учаскеде көлік жүруіне тыйым салынған, кезекшілік ұйымдастырылған.18 сәуір күні таңғы сағат 8-дегі мәлімет бойынша су тасқынының ұзындығы 250 метр, тереңдігі 55 сантиметрді құрайды.
https://sputnik.kz/20230325/ukimette-su-tasqyny-problemasy-talqylandy-33260213.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/544/74/5447480_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_e419edf1d85e0a0c46c90df0a783ecc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, петропавл
Есіл арнасынан тасыды: Петропавлда 700-ге жуық саяжай су астында қалды
Су әлі келіп жатқандықтан су тасқынының ауқымы алдағы уақытта ұлғаяды, құтқарушылар ең жоғарғы су деңгейі 19-20 сәуірде болады деп болжап отыр
ПЕТРОПАВЛ, 18 сәуір – Sputnik. Петропавлда Есіл өзенінің тасуы салдарынан 700-ге жуық саяжай су астында қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дүйсенбі күні қалада 30-ға жуық саяжайды су басқан болса, сейсенбіде Петропавлдың шетінде орналасқан жүздеген саяжай аумағына су кірген.
"Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және жайылма арқылы судың ағуы салдарынан 672 саяжай аумағына су кірді. Зардап шеккендер және тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Сондай-ақ қалада республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесін су басқан. Республикалық маңызы бар Челябі – Новосибирск тас жолының 528-ші шақырымында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Петропавл қаласындағы Заречный ауылының маңындағы тас жолдың үстін су басқан.
Жолдың осы учаскесінде су қоймасын пайдалану ережелеріне сәйкес Петропавл су гидроторабының су бұру арнасы жобаланған.
Полиция қызметкерлері мен жол қозғалысы ұйымдары ескерту белгілерін қойды. Учаскеде көлік жүруіне тыйым салынған, кезекшілік ұйымдастырылған.
18 сәуір күні таңғы сағат 8-дегі мәлімет бойынша су тасқынының ұзындығы 250 метр, тереңдігі 55 сантиметрді құрайды.