Дерекқор

7 мамыр - Отан қорғаушы күні туралы не білу керек

© Photo : Минобороны КазахстанаСтратегические военные учения "Батыл Тойтарыс-2023" - осуществлен первый этап
Стратегические военные учения Батыл Тойтарыс-2023 - осуществлен первый этап  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2023
Жазылу
7 мамыр – Отан қорғаушы күні. Мемлекеттік мейрам кезінде республика бойынша сан алуан мерекелік шара ұйымдастырылады. 2023 жылы қазақстандықтар 9 мамырды қоса алғанда төрт күн қатарынан демалады.

7 мамыр мейрамының тарихы

Отан қорғаушы күні – Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылған күні.
1992 жылы 7 мамырда мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстанның қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Сол жылы президенттің жарлығымен Қазақстанның Қарулы күштері жасақталды.
Ал 2012 жылы Қарулы күштердің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті. Соның қарсаңында 7 мамыр мемлекеттік мерекелер тізіміне қосылды.

Қарулы күштердің құрылымы

Қазақстанның қарулы күштерінің құрамына құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері кіреді.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған болатын. Олар:
"Астана" өңірлік қолбасшылығы;
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы;
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы;
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.
2022 жылдың қазан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери доктринаға өзгеріс енгізді. Негізгі қағидаларын мына жерден оқуға болады.

Негізгі міндеттер

Қазақстанның Қарулы күштерiне бейбiт кезеңде бірқатар міндет жүктелген. Олар:
әскери күш пен жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз ету;
ел iшiндегi қақтығыстарды, шекарада немесе ел ішіндегі кез келген заңсыз қарулы күшке тойтарыс бере алатындай деңгейде болу;
әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
маңызды әскери нысандарды күзету;
елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Қарулы күштер бұл мiндеттердi әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Ал соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi, ұлттық ұлан, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Әскерилер саны

1991 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағында КСРО Қарулы Күштері әскерлерінің құрамында жалпы саны 200 мыңдай адам болған. Бас кезінде маман мәселесін шешу қиынға соқты. Себебі көптеген офицерлер әскери борыштарын ТМД-ның өзге мемлекеттерінде жалғастыруға немесе запасқа шығуға шешім қабылдады.
The Military Balance институтының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы қарулы күштердің (тұрақты әскерлерінің) саны бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 166 елдің ішінде 70-орынға тұрақтады. Рейтингте еліміздің қарулы күштерінің тұрақты әскер саны 39 мың адамды құрайды. Ал Қарулы күштерге жатпайтын әскерилендірілген құрылымдарда 31,5 мың адам жұмыс істеген. Осылайша екі жыл бұрын елімізде 70,5 мың әскери қызметкер болған.

Әскери парад болмады

Былтыр Қарулы күштердің құрылғанына 30 жыл толды. Дегенмен әскери парад ұйымдастырылған жоқ. Қорғаныс министрлігі оны елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығымен түсіндірді. Бірақ республика бойынша әскери-патриоттық шаралар ұйымдастырылды.
Айта кетері, соңғы рет Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2018 жылы өткен болатын.
Артынан коронавирус пандемиясына байланысты барлық бұқаралық шараға тыйым салынды. Бюджет қаржысын үнемдеуге шешім қабылданды.
2019 жылы Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Қарулы күштерде қандай қару-жарақ бар

Бүгінде Қазақстан армиясы заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етілген. Мәселен, әуе қорғаныс күштерінде 4++ Су-30 СМ жойғыш ұшақтары, С-295 әскери-көліктік және оқу-жаттығуға арналған Zlin ұшақтары, ЕС-145, Ми-171Ш мен Ми-35М әскери-көліктік тікұшақтары бар.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің техникалық паркі де жаңартылған. Әуе кеңістігі шекараларын қорғау үшін С-300ПС, С-200, С-125 зениттік-ракеталық және отандық "Нұр" радиотехникалық кешендері қолданылады.
Ал Орал қаласындағы "Зенит" зауыты еліміздің теңіздегі шекараларын күзету үшін 25-тен астам корабль мен кеме шығарды. Бұдан бөлек, бірнеше елдің ұшқышсыз аппараттары сатып алынды. Қазіргі кезде осы салаға басымдық беріліп келеді.
Қазақстанда әскерлер мен әскери құралымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасы бар.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2018
Қоғам
Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер туралы әзілдеді
Жаңалықтар
0