https://sputnik.kz/20230418/1-mamyr---qazaqstan-khalqynyn-birligi-kuni-turaly-ne-bilu-kerek-34103750.html
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні туралы не білу керек
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні туралы не білу керек
Sputnik Қазақстан
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді.
2023-04-18T16:04+0500
2023-04-18T16:04+0500
2023-08-09T10:16+0500
1 мамыр
дерекқор
қазақстан халқы
https://sputnik.kz/img/1001/68/10016893_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_eca94d001ce319099359ff1b84777640.jpg
1 мамыр мейрамының маңызы зорҚазақстанда 130-дан астам ұлттың өкілі тұрады. Олардың ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, беларусьтер, кәрістер, қырғыздар және тағы басқалары бар.Басым бөлігі Қазақстанға ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау кезінде көшіп келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін де әртүрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне қоныстанды.Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтудің тағы бір себебі, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі.Жыл сайын 1 мамырдың алдында Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы өтіп тұрады.Мейрам 1995 жылдың 18 қазанында президенттің арнайы жарлығымен бекітілген болатын.Әуелі мереке "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" деп аталған. Қазақстан халқы ассамблеясының атауы да көптік жалғаумен болды. Артынан ассамблея атауынан да, мерекенің атауынан да көптік жалғауды алып тастау туралы шешім қабылданды.Осылайша "Қазақстан халқының бірлігі" күні тойлана бастады. Осы өзгерістің негізгі мақсаты –халықтың біртұтас ел екенін көрсету.Бірлік бар жерде алғыс айтыладыҚазақстанда ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуға арналған тағы бір мейрам бар. Ол - Алғыс айту күні. Бұл мерекені ассамблея құрылған күні – 1 наурызда атап өтеді.Оны "барлық этностың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде" атап өтуге ұсыныс жасалған. Осылайша Қазақстан халқы бұрынғыдан да жақындаса түсіп, бір-біріне деген достығы мен сыйластығы артады.Бүгінде қазақтар ол күні бір-біріне алғыс айтып, отбасылық қарым-қатынастарды күшейтуге тырысады.Қазақстандағы ұлттардың үлесіҰлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстан халқының саны 19 миллион 741 мың адамнан асты.2021 жылғы халық санағы:Үш күн қатарынан демалыс1 мамыр мемлекеттік мерекелер санатына кіреді. Сондықтан жыл сайын осы күні қазақстандықтар демалады.2023 жылы мейрам дүйсенбіге түсіп отыр. Сол себепті сенбі мен жексенбіні санағанда үш күн қатарынан демалыс болып саналады.
https://sputnik.kz/20200501/Toqaev-Birlik-kuni-13855442.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1001/68/10016893_102:0:1542:1080_1920x0_80_0_0_73e9b7e58ad2849449041580c505177b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
1 мамыр 2023 қазақстан халқының бірлігі күні 2023 мереке 1 мая 2023 праздник 2023 ден единства народа 2023
1 мамыр 2023 қазақстан халқының бірлігі күні 2023 мереке 1 мая 2023 праздник 2023 ден единства народа 2023
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні туралы не білу керек
16:04 18.04.2023 (жаңартылды: 10:16 09.08.2023) 1 мамыр республика бойынша Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді.
1 мамыр мейрамының маңызы зор
Қазақстанда 130-дан астам ұлттың өкілі тұрады. Олардың ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, беларусьтер, кәрістер, қырғыздар және тағы басқалары бар.
Басым бөлігі Қазақстанға ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау кезінде көшіп келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін де әртүрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне қоныстанды.
Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтудің тағы бір себебі, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі.
Жыл сайын 1 мамырдың алдында Қазақстан халқы ассамблеясының отырысы өтіп тұрады.
Мейрам 1995 жылдың 18 қазанында президенттің арнайы жарлығымен бекітілген болатын.
Әуелі мереке "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" деп аталған. Қазақстан халқы ассамблеясының атауы да көптік жалғаумен болды. Артынан ассамблея атауынан да, мерекенің атауынан да көптік жалғауды алып тастау туралы шешім қабылданды.
Осылайша "Қазақстан халқының бірлігі" күні тойлана бастады. Осы өзгерістің негізгі мақсаты –халықтың біртұтас ел екенін көрсету.
Бірлік бар жерде алғыс айтылады
Қазақстанда ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуға арналған тағы бір мейрам бар. Ол - Алғыс айту күні. Бұл мерекені ассамблея құрылған күні – 1 наурызда атап өтеді.
Оны "барлық этностың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде" атап өтуге ұсыныс жасалған. Осылайша Қазақстан халқы бұрынғыдан да жақындаса түсіп, бір-біріне деген достығы мен сыйластығы артады.
Бүгінде қазақтар ол күні бір-біріне алғыс айтып, отбасылық қарым-қатынастарды күшейтуге тырысады.
Қазақстандағы ұлттардың үлесі
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстан халқының саны 19 миллион 741 мың адамнан асты.
басқа ұлт өкілдері - 5,1 %;
1 мамыр мемлекеттік мерекелер санатына кіреді. Сондықтан жыл сайын осы күні қазақстандықтар демалады.
2023 жылы мейрам дүйсенбіге түсіп отыр. Сол себепті сенбі мен жексенбіні санағанда үш күн қатарынан демалыс болып саналады.