Желшешек тарады: Солтүстік Қазақстанда 20-дан астам балабақша карантинге жабылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Жазылу
Өңірде желшешек жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда үш есе өскен
ПЕТРОПАВЛ, 17 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында желшешектің өршуіне байланысты 20-дан астам балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы жылдың үш айында 1078 адам желшешек жұқтырды, оның 943-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Науқастардың басым бөлігі Петропавлда – 61%, яғни 658 жағдай. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылдың үш айында 396, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 357 жағдай тіркелді", – деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда желшешекті тіркеу кезінде науқас оқшауланған сәттен бастап 21 күнтізбелік күнге карантин белгіленеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда желшешектің қайталанған жағдайлары пайда болған кезде ауырған балалар жіті құбылыстар жойылғаннан кейін топқа жіберіледі. Бірақ басқа ұйымдасқан ұжымдарда карантин белгіленбейді.
"Облыста барлығы 21 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды: Петропавлдың 19 балабақшасында, бір жағдай Айыртау ауданында және бір жағдай Тайынша ауданында тіркелді. Күн сайын карантин аяқталғанға дейін үй-жайларды дезинфекциялау және желдету жұмыстары жүргізіледі", - деп хабарлады ведомство.

Желшешек

Бұл варицелла-зостер вирусынан (адамның үшінші типті герпесі) туындаған және ауа тамшылары арқылы берілетін жедел жұқпалы ауру.
Ол безгек, орташа интоксикациямен және кең таралған везикулозды бөртпемен сипатталады.
Зерттеулерге сәйкес, ауылдық жерлерде тұратындарға қарағанда үлкен қалалардың тұрғындары ауруға көбірек бейім.
Көбінесе желшешек 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларында кездеседі. Алайда орта жастағы адамдар да ауырып қалуы мүмкін. Адам неғұрлым кеш ауырса, ауру соғұрлым ауыр болады.
Департаменттің мәліметінше, сырқатпен байланыста болған адамдарға медициналық бақылауды жергілікті медицина қызметкерлері жүргізеді. Желшешекті бақылау ұзақтығы – 21 күнтізбелік күн.
Жаңалықтар
0