https://sputnik.kz/20230417/zharylys-nogaev-shugyl-brifing-33997218.html
Жарылыстан 4 адам көз жұмды, арасында үш жасар қыз бар: Ноғаев шұғыл брифинг өткізді
Жарылыстан 4 адам көз жұмды, арасында үш жасар қыз бар: Ноғаев шұғыл брифинг өткізді
Sputnik Қазақстан
Болжам бойынша төтенше жағдайға газ қоспасының жарылуы себеп болған 17.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-17T11:42+0500
2023-04-17T11:42+0500
2023-04-17T11:42+0500
оқиға
жаңаөзен
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33996657_69:0:1212:643_1920x0_80_0_0_a501a5bdf70b5de1a0aeb1afb8423491.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қаласында тұрғын үйдегі жарылыстан қаза болғандар саны 4 адамға жетті. Олардың арасында үш жасар қыз бар. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыс әкімі Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шұғыл брифинг өткізді.Оның айтуынша, бүгін таңертең елорда уақытымен таңғы 05:04-те Жаңаөзен қаласы Шұғыла ауданында 51-үйде жарылыс болғаны туралы хабар түскен.ТЖ салдарынан 17 адам зардап шеккен, соның ішінде 4 адам қаза тапты: бір ер адам, екі әйел және үш жасар қыз.Үш адам Жаңаөзен қаласының емханасында жансақтау бөлімінде, тағы үш адам травматология бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің тексерісінен кейін үйлеріне жіберілді.Төтенше жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия құрылды. Ол жарылыс себептері мен оның салдарын жою жұмысымен айналысады.ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Нұрлан Ноғаев жарылыстан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.Сондай-ақ ол зардап шеккен тұрғындарға баспана және басқа да қолдау көрсетуді әкімдік өз жауапкершілігіне алатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20230417/zhanaozen-zharylys-qaza-bolgandar-sany-3-adam-33990793.html
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33996657_212:0:1069:643_1920x0_80_0_0_e706464d27400d9e6e8003d893988fbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, жарылыс
Жарылыстан 4 адам көз жұмды, арасында үш жасар қыз бар: Ноғаев шұғыл брифинг өткізді
Болжам бойынша төтенше жағдайға газ қоспасының жарылуы себеп болған
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қаласында тұрғын үйдегі жарылыстан қаза болғандар саны 4 адамға жетті. Олардың арасында үш жасар қыз бар. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыс әкімі Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шұғыл брифинг өткізді.
Оның айтуынша, бүгін таңертең елорда уақытымен таңғы 05:04-те Жаңаөзен қаласы Шұғыла ауданында 51-үйде жарылыс болғаны туралы хабар түскен.
"Екіқабатты үйдің оң қапталында екінші кіреберісте жарылыс болды. Алғашында газ баллоны жарылған деген болжам болды, ал қазір мамандардың тексерісінен кейін газ баллоны емес, газ қоспасының жарылуы ықтимал деген болжам бар",- деді Ноғаев.
ТЖ салдарынан 17 адам зардап шеккен, соның ішінде 4 адам қаза тапты: бір ер адам, екі әйел және үш жасар қыз.
Үш адам Жаңаөзен қаласының емханасында жансақтау бөлімінде, тағы үш адам травматология бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің тексерісінен кейін үйлеріне жіберілді.
Төтенше жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия құрылды. Ол жарылыс себептері мен оның салдарын жою жұмысымен айналысады.
ТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұрлан Ноғаев жарылыстан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Сондай-ақ ол зардап шеккен тұрғындарға баспана және басқа да қолдау көрсетуді әкімдік өз жауапкершілігіне алатынын атап өтті.