https://sputnik.kz/20230417/talibannyn-okilderi-astanada-otyrady-34019329.html
Талибанның* өкілдері Астанадағы елшілікте отырады
Талибанның* өкілдері Астанадағы елшілікте отырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ауғанстанның қазіргі билігі өз өкілдерін Астанада орналастырады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров... 17.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-17T16:21+0500
2023-04-17T16:21+0500
2023-04-17T18:59+0500
ауғанстан
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34021482_0:0:3078:1731_1920x0_80_0_0_79b12a420b4b340eea37d45e4b800427.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ауғанстанның қазіргі билігі өз өкілдерін Астанада орналастырады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін қазақстандық делегация Ауғанстанға барған. Сол кезде Талибан* өз өкілдерін Қазақстандағы елшілікке жіберуге ниет білдірген."Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеу жөніндегі өтінішіне жауап ретінде біз оң шешім қабылдадық. Осы орайда жағдайды түсіндіре кетейін, алдыңғы режимнің құлдырауынан 2021 жылдың тамызында билік вакуумы пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуді тоқтатты. Әрине, жағдай күрделі, бірақ аса ерекше емес. Тарихта бірқатар мемлекетте билік өзгеруінің көптеген мысалы бар. Өз кезегінде бұл жаңа биліктің заңдылығы мәселесін тудырады", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.Осы орайда министрлік өкілі президенттің Ауғанстанды қиын жағдайда қалдырмау туралы сөзін еске салды. Тоқаев ынтымақтастықтың гуманитарлық сипатына басымдық берген. Мысалы, бүгінде ауғанстандықтар тұтынатын ұнның 90 проценті Қазақстаннан жеткізіледі."Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің келуі мойындауды білдірмейді. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының құзіретіндегі мәселе. Естеріңізге сала кетейін, тура сондай миссиялар бірқатар елде, атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Қатар, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Пәкістанда бар”, - деп атап өтті Смадияров.Оның айтуынша, екіжақты қарым-қатынас тек экономикалық сипатта ғана жүргізіледі. Талибанның* өкілдері Ауғанстанның Астанадағы елшілігінде отырады.* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.
ауғанстан
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34021482_111:0:2842:2048_1920x0_80_0_0_d4fe77f8a3337f474dad0a24f3e7818c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан, астана
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ауғанстанның қазіргі билігі өз өкілдерін Астанада орналастырады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін қазақстандық делегация Ауғанстанға барған. Сол кезде Талибан* өз өкілдерін Қазақстандағы елшілікке жіберуге ниет білдірген.
"Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің дипломаттарын аккредиттеу жөніндегі өтінішіне жауап ретінде біз оң шешім қабылдадық. Осы орайда жағдайды түсіндіре кетейін, алдыңғы режимнің құлдырауынан 2021 жылдың тамызында билік вакуумы пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуді тоқтатты. Әрине, жағдай күрделі, бірақ аса ерекше емес. Тарихта бірқатар мемлекетте билік өзгеруінің көптеген мысалы бар. Өз кезегінде бұл жаңа биліктің заңдылығы мәселесін тудырады", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Осы орайда министрлік өкілі президенттің Ауғанстанды қиын жағдайда қалдырмау туралы сөзін еске салды. Тоқаев ынтымақтастықтың гуманитарлық сипатына басымдық берген. Мысалы, бүгінде ауғанстандықтар тұтынатын ұнның 90 проценті Қазақстаннан жеткізіледі.
"Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің келуі мойындауды білдірмейді. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының құзіретіндегі мәселе. Естеріңізге сала кетейін, тура сондай миссиялар бірқатар елде, атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Қатар, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Пәкістанда бар”, - деп атап өтті Смадияров.
Оның айтуынша, екіжақты қарым-қатынас тек экономикалық сипатта ғана жүргізіледі. Талибанның* өкілдері Ауғанстанның Астанадағы елшілігінде отырады.
* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.