Қостанай облысында 21 шетелдік заңсыз жұмыс істеген

© Photo : ДВД Карагандинской областиМигрант, архивтегі фото
Мигрант, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында Өзбекстан мен Тәжікстанның 21 азаматы заңсыз жұмыс істеп келген, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің және Қарабалық ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында ауданда салынып жатқан объектіде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 16 азаматын және Тәжікстан Республикасының 5 азаматын анықтады", - делінген хабарламада.
Шетелдік азаматтар осы жылдың наурыз айында келгені белгілі болды. Олардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті органнан рұқсат алмаған. Жұмыс беруші рұқсат құжаттарынсыз шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдаған.
Қарабалық аудандық сотының шешімімен Өзбекстан мен Тәжікстанның 21 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, түрлі жазалар қолданылды:
17 шетелдікке 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынды,
2 шетелдік азамат 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды,
2 шетелдік Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарылды.
Заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа қабылдаған жұмыс берушіге 100 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
2023 жылдың 3 айында Қостанай облысының аумағында елде болу ережелерін бұзғаны үшін 236 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазақстан Республикасынан 20-дан астам шетелдік шығарылды.
Қазақстан Республикасының 234 азаматы ішкі істер органдарына шетелдік азаматтардың келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қос азаматтықтың 18 дерегі анықталды.
Жаңалықтар
0