Оқиға

ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде жарылыстан баспанасыз қалғандарға жаңа пәтер береді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" компаниясы Жаңаөзенде газ жарылысынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.
Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.
"Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі. Зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп хабарлады компания.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Жаңаөзен қаласындатөтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.
Еске салсақ, бүгін таңғы бесте Жаңаөзен қаласында 12 пәтерді екіқабатты тұрғын үйде жарылыс болды.
Болжам бойынша 2-ші кіреберістегі пәтерде газ қоспасы жарылған. Салдарынан 1994 жылғы ер адам қаза тапты. Тағы 12 адам, соның ішінде 8 бала зардап шекті, бесеуі ауруханаға жатқызылды.
Жарылыс салдарынан 3 пәтерге зақым келген. Тұрғын үй газдан ажыратылды. Үйіндіні аршу жұмысы жүріп жатыр.
Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылып, қауырт желі телефоны ашылды: 8/7292/31-90-99.
Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Оқиға
Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0