https://sputnik.kz/20230417/prezident-buu-bas-khatshysynyn-komekshisin-qabyldady-33998783.html
Президент БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады
Президент БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 17.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-17T12:20+0500
2023-04-17T12:20+0500
2023-04-17T12:20+0500
президент
бұұ
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33998124_0:51:750:473_1920x0_80_0_0_69c0e83a1d6cd5400340b01343e15417.jpg
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан оның бұл сапары маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды. Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді. Бұдан бөлек, олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33998124_27:0:724:523_1920x0_80_0_0_8bb13d3e7b41cb28521523b5e32bf41c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, бұұ
Президент БҰҰ Бас хатшысының көмекшісін қабылдады
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан оның бұл сапары маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді.
Бұдан бөлек, олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.