Өңірлер

Павлодар облысында көлік аударылып, жолаушы қаза болды

© Photo : Polisia.kzЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында жол апатынан 34 жастағы жолаушы көз жұмды.
Оқиға 16 сәуір күні Астана-Ерементау-Шідерті автожолында болды.
Рөлде 31 жастағы жүргізуші отырған ВАЗ-217030 автокөлігі аударылып қалған. Жол апатынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды.
Бірқатар сараптама жасалады, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0