https://sputnik.kz/20230417/aqtobede-zhasospirimdi-kolik-qagyp-ketti--politsiya-videosyn-zhariyalady-34004559.html
Ақтөбеде жасөспірімді көлік қағып кетті – полиция видеосын жариялады
Ақтөбеде жасөспірімді көлік қағып кетті – полиция видеосын жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында ВАЗ-2114 жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Sputnik... 17.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-17T14:30+0500
2023-04-17T14:30+0500
2023-04-17T14:30+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында ВАЗ-2114 жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.Жол апаты 14 сәуір күні түнгі сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында болған. Көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына қарамай, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. ВАЗ-2114 тоқтамай кетіп қалған. 17 жастағы бозбала дереу ауруханаға жеткізілді.Жедел іздестіру шаралары барысында автокөлік Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан табылды. Әйнегі, бампері мен капоты зақымданған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды. 18 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Ақтөбеде жасөспірімді көлік қағып кетті – полиция видеосын жариялады
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында ВАЗ-2114 жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram
каналына сілтеме жасап.
Жол апаты 14 сәуір күні түнгі сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында болған. Көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына қарамай, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. ВАЗ-2114 тоқтамай кетіп қалған. 17 жастағы бозбала дереу ауруханаға жеткізілді.
Жедел іздестіру шаралары барысында автокөлік Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан табылды. Әйнегі, бампері мен капоты зақымданған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды. 18 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.