https://sputnik.kz/20230417/almatyda-seysmikalyq-audit-zhurgiziledi-34013164.html
Алматыда сейсмикалық аудит жүргізіледі
Алматыда сейсмикалық аудит жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі... 17.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-17T16:00+0500
2023-04-17T16:00+0500
2023-04-17T16:00+0500
үкімет
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34008040_0:79:1280:799_1920x0_80_0_0_bc4aac70bb62eb133ec792315652d596.jpg
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды премьер министрдің ресми сайты.Орталық мемлекеттік органдардың басшылары 10 наурызда үкімет басшысының Алматыға жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Әңгіме отандық тауар өндірушілерді қолдау, "Алтынкөл" теміржол стансасын дамытудың бас жоспарын әзірлеу, бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін кеңейту және құрылыс саласындағы бақылауды күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы болды.Алматының үлгісімен республиканың барлық өңірінде шағын өнеркәсіп парктерін құру бойынша қадамдар әзірленгені жеке аталып өтті.Кеңеске қатысушылар оңтүстік астанадағы сауда ағынын оңтайландырып, көлік инфрақұрылымын жеңілдетуге мүмкіндік беретін көтерме тарату және сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспарларын да талқылады. Сонымен қатар Алматы қаласының бас жоспарын және Алматы агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу туралы, сондай-ақ қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, ауқымды сейсмоаудит жүргізу туралы баяндама жасалды."Агломерацияны есепке алатын болсақ, Алматы – халық көп шоғырланған еліміздің ең маңызды өңірлердің бірі. Сондықтан әкімдік пен бизнес тарапынан қойылған түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Жұмыс сапарының қорытындысына сәйкес 28 тапсырма берілді, мемлекеттік органдар оларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша жұмысты жалғастыруға тиіс", — деді Әлихан Смайылов.Сондай-ақ кеңесте Алматы қаласының индустриялды аймағын кеңейту, экологиялық мәселелерді шешу, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыруға отандық тауар өндірушілерді тарту, 100 жаңа ірі қосымша білім беру нысанын салу, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша және басқа да бірқатар мәселе қаралды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/34008040_56:0:1225:877_1920x0_80_0_0_a398fcbb9431100955d5eaab17ae6bc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, алматы
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды премьер министрдің ресми сайты.
Орталық мемлекеттік органдардың басшылары 10 наурызда үкімет басшысының Алматыға жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Әңгіме отандық тауар өндірушілерді қолдау, "Алтынкөл" теміржол стансасын дамытудың бас жоспарын әзірлеу, бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін кеңейту және құрылыс саласындағы бақылауды күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы болды.
Алматының үлгісімен республиканың барлық өңірінде шағын өнеркәсіп парктерін құру бойынша қадамдар әзірленгені жеке аталып өтті.
Кеңеске қатысушылар оңтүстік астанадағы сауда ағынын оңтайландырып, көлік инфрақұрылымын жеңілдетуге мүмкіндік беретін көтерме тарату және сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспарларын да талқылады. Сонымен қатар Алматы қаласының бас жоспарын және Алматы агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу туралы, сондай-ақ қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, ауқымды сейсмоаудит жүргізу туралы баяндама жасалды.
"Агломерацияны есепке алатын болсақ, Алматы – халық көп шоғырланған еліміздің ең маңызды өңірлердің бірі. Сондықтан әкімдік пен бизнес тарапынан қойылған түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Жұмыс сапарының қорытындысына сәйкес 28 тапсырма берілді, мемлекеттік органдар оларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша жұмысты жалғастыруға тиіс", — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ кеңесте Алматы қаласының индустриялды аймағын кеңейту, экологиялық мәселелерді шешу, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыруға отандық тауар өндірушілерді тарту, 100 жаңа ірі қосымша білім беру нысанын салу, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша және басқа да бірқатар мәселе қаралды.