Жетісу облысында салықшылар кәсіпкерлерге қатысты заңсыз ұйғарым шығарған

© Photo : pixabay/ds_30Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 16 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында салық қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерге қатысты заңсыз ұйғарым шығарған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ведомство салық қызметкерлері 1000-нан астам кәсіпкердің қарызын өндіруді заңсыз жолмен жеделдетуге әрекеттенгенін атап өтті.
"Салық қызметкерлері шығарған ұйғарымдардың негізінде сот орындаушылары кәсіпкерлердің есепшотына шектеулер енгізіп, бұғаттаған. Қадағалау органының актісіне сәйкес анықталған заңсыз ұйғарымдардың күші жойылды", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот орындаушылардың қарауына субъектілерді заңсыз тартудың 1000-нан астам фактісі жойылды.
Салық кодексіне сәйкес мұндай ұйғарымдар тек жеке тұлғаларға берілуге тиіс.
Заңды тұлға саналатын азаматтар бұл тізімге кірмейді.
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2023
Алматы облысында жүздеген кәсіпкерге жарнама үшін заңсыз салық салған
Жаңалықтар
0