"Neke tour" байқауының жеңімпаздары марапатталды

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Түркістан қаласында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылған "Neke tour" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Ел көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған жобаға 345 жұп өтінім берген, деп хабарлады Otyrar.kz.
Жеңімпаздар Алматы, Орал, Қарағанды, Сәтбаев, Астана, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Тараз және Түркістан қалаларынан келген. Оларға екі күн бойы құрмет көрсетіледі. Мәселен бүгін романтикалық кешкі ас, фотосессия және мәдени бағдарлама ұйымдастырылса, ертең қаланың көрікті орындары мен қала маңындағы киелі жерлерге зиярат ету жоспарланған.
Еске сала кетейік, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Open Turkistan" туристік-ақпараттық орталығы аталмыш байқауды жариялаған болатын.
Байқау шарты бойынша 3-9 сәуір аралығында ерлі-зайыпты жұптар neke-turkistan.kz порталы арқылы қатысуға онлайн-өтінім жолдаған.
Жаңалықтар
0