Абай облысында шөп жинауға барған бозбала қайғылы жағдайда көз жұмды

© Sputnik / Игорь Чабаненко / Медиабанкке өтуСолома
Солома  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Абай облысында кәмелетке толмаған бозбала қайғылы жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
14 сәуірде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде 17 жастағы бозбала өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған.
Жұмыс кезінде трактор мен шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімі ілініп, қысылып қалған.
Салдарынан бозбала дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0