https://sputnik.kz/20230414/ulytauda-qarttar-uyinin-basshysy-zeynetkerlerdin-aqshasy-urlady--tergeu-bastaldy-33915878.html
Ұлытауда қарттар үйінің басшысы зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған
Ұлытауда қарттар үйінің басшысы зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысында әлеуметтік мекеменің басшысы қылмыстық топ құрып, зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысты, деп... 14.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-14T08:32+0500
2023-04-14T08:32+0500
2023-04-14T08:40+0500
ұлытау облысы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысында әлеуметтік мекеменің басшысы қылмыстық топ құрып, зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Қылмыстық топқа әлеуметтік мекеменің басшысы, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері кірген. Қазіргі кезде 12 миллион теңгеден астам қаражаттың ұрланғаны анықталып отыр. Мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетері, бұған дейін агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Qamqor" жедел алдын-алу шарасы аясында Абай қ. қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы, сыбайлас жемқорлық
ұлытау облысы, сыбайлас жемқорлық
Ұлытауда қарттар үйінің басшысы зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған
08:32 14.04.2023 (жаңартылды: 08:40 14.04.2023) АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысында әлеуметтік мекеменің басшысы қылмыстық топ құрып, зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Қылмыстық топқа әлеуметтік мекеменің басшысы, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері кірген. Қазіргі кезде 12 миллион теңгеден астам қаражаттың ұрланғаны анықталып отыр.
"Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, бұған дейін агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Qamqor" жедел алдын-алу шарасы аясында Абай қ. қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.