Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран ислам республикасының президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Қыркүйектен бастап үш санат бойынша жәрдемақы өседі – Тоқаев тапсырма берді
Жаңалықтар
0