Қоғам

Қазақстанда микрокредит шарттары өзгереді – үкімет қаулысы әзірленді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мәнін өзгерту жоспарланып отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Құжаттың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Онымен ұлттық банктің микрокредит бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы қаулысына өзгеріс енгізу қарастырылған. Оған сәйкес, 45 күнге берілген микрокредит бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,8 пайыздан аспайды. Сыйақының мөлшері де көрсетілген.
Олар:
республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен (2023 жылда – 86 250 теңгеден) аспайтын берілген микрокредит сомасының 20 пайызы;
республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын берілген микрокредит сомасының 15 пайызы;
Бұдан бөлек, 45 күнге алынған кепілзаты бар микрокредиттің сыйақысы 20 проценттен аспауы шарт. Ал ұзартылған жағдайда сыйақының шекті мәні күніне 0,8 пайыздан артық болмауы қажет. Қаулының жобасы 28 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.
Жаңалықтар
0