https://sputnik.kz/20230414/oskemendegi-turmede-oq-atyldy--oqiganyn-man-zhayy-33932348.html
Өскемендегі түрмеде оқ атылды – оқиғаның мән-жайы
Өскемендегі түрмеде оқ атылды – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Қарауылда тұрған ұлттық ұланның сарбазы мекеме қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрғанын көріп, алдымен "Тоқта! Артқа қайт! Тоқта! Атамын!" деп айқайлаған.
2023-04-14T14:26+0500
2023-04-14T14:26+0500
2023-04-14T14:26+0500
түрме
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33924866_0:0:1296:730_1920x0_80_0_0_432f2667f7d3909287de1cf84a90accf.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласына жақын жердегі №16 түзеу мекемесінде үш сотталушы бақылаушыларға күш қолданды. Мұнарада тұрған қарауылға оқ атуға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 14 сәуірде болған. Түнгі сағат 00:21-де белгісіз біреу түрмеге қарай тыйым салынған затты лақтырған. Түйіншек тура бақылаушылар жүретін жолға түскен. Үш сотталушы оны алуға жүгірген. Оларды бақылаушылар көріп қалып, артынан қуған. Сол кезде сотталушылар қарсылық көрсеткен.Қарауылда тұрған ұлттық ұланның сарбазы мекеме қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрғанын көріп, алдымен "Тоқта! Артқа қайт! Тоқта! Атамын!" деп айқайлаған. Одан кейін автоматпен аспанға бір рет оқ атқан.Сотталушы тағы оқ атылса, өзіне тиетінін түсініп, артқа қарай қашты. Оны дабылмен көтерілген бақылаушылар тобы ұстап алды. Ал оның екі серіктесі тұрғын аймақта жасырынуға тырысты. Бірақ бақылаушы топ оларды да ұстады. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу басталды.
https://sputnik.kz/20230401/turmede-zhatyp-25-mln-tenge-urlagan-almaty-oblysynda-internet-alayaqtyq-anyqtaldy-33493625.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0e/33924866_0:0:1152:864_1920x0_80_0_0_53fa83ac7e6f25447a3b3e0cbc2c69c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрме
Өскемендегі түрмеде оқ атылды – оқиғаның мән-жайы
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласына жақын жердегі №16 түзеу мекемесінде үш сотталушы бақылаушыларға күш қолданды. Мұнарада тұрған қарауылға оқ атуға тура келді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 14 сәуірде болған. Түнгі сағат 00:21-де белгісіз біреу түрмеге қарай тыйым салынған затты лақтырған. Түйіншек тура бақылаушылар жүретін жолға түскен. Үш сотталушы оны алуға жүгірген. Оларды бақылаушылар көріп қалып, артынан қуған. Сол кезде сотталушылар қарсылық көрсеткен.
Қарауылда тұрған ұлттық ұланның сарбазы мекеме қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрғанын көріп, алдымен "Тоқта! Артқа қайт! Тоқта! Атамын!" деп айқайлаған. Одан кейін автоматпен аспанға бір рет оқ атқан.
"Бақылаушылардың біреуі түйіншекті негізгі қоршауға қарай лақтырып үлгерді. Ал бір сотталушы соған қарай жүгіріп, түйіншекті алып кетуге тырысты. Қарауылшы оның негізгі бақылау жолағына кіргенін көріп, тағы айқайлап, ескерту ретінде оқ атты", - делінген ресми хабарламада.
Сотталушы тағы оқ атылса, өзіне тиетінін түсініп, артқа қарай қашты. Оны дабылмен көтерілген бақылаушылар тобы ұстап алды. Ал оның екі серіктесі тұрғын аймақта жасырынуға тырысты. Бірақ бақылаушы топ оларды да ұстады. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу басталды.