Бензин мен дизельдің бағасы өзгермеді – министрлік себебін түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневСотрудник автозаправки на рабочем месте в вечернюю смену
Сотрудник автозаправки на рабочем месте в вечернюю смену - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Жазылу
Жанар-жағармайдың бағасы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі бензин мен дизельдің шекті бағасын көтеру туралы бұйрыққа қарамастан кейбір жанар-жағармай станцияларының бұрынғы бағаны не себепті ұстап тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде министрлік шекті бағаны бекітеді. Одан жоғары көтеруге болмайды. Ал осы нарықтың қатысушылары бағаны өздері қояды.
"Министрлік шекті бағаны белгілейді, қалғаны нарыққа байланысты, ары қарай бағаны нарықтың өзі реттейді. Ең бастысы, біз бекіткен бағадан жоғары болмауы қажет. Мәселен, біз шекті бағасын 205 деп қойдық. Ал нарыққа қатысушылар қалауына қарай 160 теңгеден де сата алады. Шекті бағадан жоғары қоймаса болды", - дейді министрліктің баспасөз қызметі Sputnik Казахстанға берген сұхбатында.
Осы орайда тағы бір мәселені ескеру керек. Жанар-жағармайдың бағасы әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, мұнай өңдеу зауытына жақын аймақта бензиннің бағасы орташа деңгейден төмен болып тұрады.
"Бір ғана мысал келтірейік, бұған дейін Қазақстан бойынша литрі үшін 182-187 теңге болған. Ал Атырау немесе Павлодарда орналасқан жанар-жағармай құю станцияларында 175-177 теңгеден сатылған. Себебі тасымалдау шығындары аз, олар зауытқа жақын орналасқан", - деп атап көрсетті мамандар.
Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Смайылов бензин бағасы жайлы: мұндай шешім қабылдауға мәжбүр болып отырмыз
Жаңалықтар
0