https://sputnik.kz/20230414/aqtobede-kishkentay-bala-ashyq-turgan-qudyqqa-qulady--ol-birneshe-otadan-keyin-qaytys-boldy-33924701.html
Ақтөбеде кішкентай бала ашық тұрған құдыққа құлады – ол бірнеше отадан кейін қайтыс болды
Ақтөбеде кішкентай бала ашық тұрған құдыққа құлады – ол бірнеше отадан кейін қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында бір жарым жасар бала ашық тұрған құдыққа құлап, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой... 14.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-14T12:05+0500
2023-04-14T12:05+0500
2023-04-14T12:08+0500
ақтөбе облысы
бала
құдық
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16021259_0:463:1200:1138_1920x0_80_0_0_f51eed8d2f4782710ed8cf4a36f71068.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында бір жарым жасар бала ашық тұрған құдыққа құлап, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап. Құдықта өрт сөндіруге арналған гидрант орналасқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, бала 9 сәуірде ауруханаға түскен. Оны бірден жан сақтау бөліміне жатқызды. Себебі жағдайы өте ауыр болды. "Сәби комаға түсті. Ми жарақатын алды, қабырғасы мен бұғанасы сынды. Бұдан бөлек, екі өкпесі, кеңірдегі мен ірі бронхтарға зақым келді", — дейді дәрігерлер. Кезекші бригада алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін дәрігерлер консилиум өткізіп, ота жасауға шешім қабылдады. Баланың кеңірдегі мен бронхтарына, іш пен өкпеқап қуысына бірнеше операция жасалды. Дәрігерлер барын салды. Бірақ бала 12 сәуірде көз жұмды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16021259_0:350:1200:1250_1920x0_80_0_0_ed80fa3eb3ac6f1e07ec3d34f9e3ec66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, бала, құдық
ақтөбе облысы, бала, құдық
Ақтөбеде кішкентай бала ашық тұрған құдыққа құлады – ол бірнеше отадан кейін қайтыс болды
12:05 14.04.2023 (жаңартылды: 12:08 14.04.2023) АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында бір жарым жасар бала ашық тұрған құдыққа құлап, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Мой город" порталына сілтеме жасап.
Құдықта өрт сөндіруге арналған гидрант орналасқан.
"Бала үш метр тереңдігі бар құдыққа құлады. Оны ауруханаға жеткізіп, бірнеше ота жасаған. Бірақ сәби сол жерде қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, бала 9 сәуірде ауруханаға түскен. Оны бірден жан сақтау бөліміне жатқызды. Себебі жағдайы өте ауыр болды.
"Сәби комаға түсті. Ми жарақатын алды, қабырғасы мен бұғанасы сынды. Бұдан бөлек, екі өкпесі, кеңірдегі мен ірі бронхтарға зақым келді", — дейді дәрігерлер.
Кезекші бригада алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін дәрігерлер консилиум өткізіп, ота жасауға шешім қабылдады. Баланың кеңірдегі мен бронхтарына, іш пен өкпеқап қуысына бірнеше операция жасалды. Дәрігерлер барын салды. Бірақ бала 12 сәуірде көз жұмды.