https://sputnik.kz/20230413/studentterdin-zhataqkhanada-turu-aqysyn-subsidiyalau-zhosparlanyp-otyr-33907425.html
Студенттердің жатақханада тұру ақысын субсидиялау жоспарланып отыр
Студенттердің жатақханада тұру ақысын субсидиялау жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекет әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттердің жатақханада тұру ақысын субсидиялауды жоспарлап отыр. Ғылым және жоғары... 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T21:13+0500
2023-04-13T21:13+0500
2023-04-13T21:13+0500
жатақхана
студенттер
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/02/28993149_0:66:700:460_1920x0_80_0_0_42a716917e0b11693dc1fd4a889ddc61.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекет әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттердің жатақханада тұру ақысын субсидиялауды жоспарлап отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды."Мемлекет студенттің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін жылына 29 АЕК-тен аспайтын шығысын өтейді", - делінген құжатта.Министрліктің мәліметінше, қазір еліміздің жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 168 150 студент білім алып жатыр."Республикалық бюджетке бір мезгілде ауыртпалық түсірмеу үшін бұл тапсырманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру ұсынылып отыр", - деп хабарлады ведомство.Бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмекке аса мұқтаж студенттердің шығыны субсидияланады:Үш жылдық бюджетке шамамен 1,1 млрд теңге қосымша қаражат қажет болады, деп есептеді ғылым министрлігі.Жоба 26 сәуірге дейін порталда қоғамдық талқылаудан өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/02/28993149_0:0:700:525_1920x0_80_0_0_638d8cea61de014561b413b9c01fa2e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жатақхана, студенттер, субсидиялар
жатақхана, студенттер, субсидиялар
Студенттердің жатақханада тұру ақысын субсидиялау жоспарланып отыр
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Мемлекет әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттердің жатақханада тұру ақысын субсидиялауды жоспарлап отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің тиісті қаулы жобасы
Ашық НҚА сайтында жарияланды.
"Мемлекет студенттің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін жылына 29 АЕК-тен аспайтын шығысын өтейді", - делінген құжатта.
Министрліктің мәліметінше, қазір еліміздің жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 168 150 студент білім алып жатыр.
"Республикалық бюджетке бір мезгілде ауыртпалық түсірмеу үшін бұл тапсырманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру ұсынылып отыр", - деп хабарлады ведомство.
Бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмекке аса мұқтаж студенттердің шығыны субсидияланады:
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (2769 адам);
мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар (1667 адам).
Үш жылдық бюджетке шамамен 1,1 млрд теңге қосымша қаражат қажет болады, деп есептеді ғылым министрлігі.
Жоба 26 сәуірге дейін порталда қоғамдық талқылаудан өтеді.