https://sputnik.kz/20230413/shymkent-8-myn-bala-uyirmeler-sektsiyalar-33907142.html
Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады
Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T16:53+0500
2023-04-13T16:53+0500
2023-04-13T16:53+0500
білім
шымкент
бала
https://sputnik.kz/img/old/942/99/9429932_0:69:1355:831_1920x0_80_0_0_d0bf92ef2bc1b86831b68d13385f40a3.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Ведомствоның ақпаратынша, Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында "Оқушылар сарайы" мен "Өнер мектебі" пайдалануға беріледі.Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқу орындарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсаруда. 141 мектепке 320 интерактивті панель, химия және биология кабинеттері сатып алынды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72%-дан 85%-ға өсті.Сонымен қатар төрт мектептің аумағында типтік спорт алаңдары салына бастады. № 65, 8, 45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің соңғы үлгідегі қосымша құрылысы да маусым айында бітеді.Еске салсақ, Шымкент қаласының Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі жол картасы балалардың қауіпсіздік мәселелерін де қамтиды. Оны іске асыру аясында бейнебақылау жүйелері, турникет, Жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймелерімен жабдықтау 100% орындалды.Бүгінгі таңда қаланың барлық мектебі I-ші дәрежелі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарын цифрландыру қарқыны артқан. Бүгінде қаланың жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/942/99/9429932_78:0:1278:900_1920x0_80_0_0_567d9d8831a1532f5c4cf804daf41932.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, бала
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шымкентте 8 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Ведомствоның ақпаратынша, Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында "Оқушылар сарайы" мен "Өнер мектебі" пайдалануға беріледі.
"Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы 8 мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды", - делінген хабарламада.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқу орындарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсаруда. 141 мектепке 320 интерактивті панель, химия және биология кабинеттері сатып алынды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72%-дан 85%-ға өсті.
Сонымен қатар төрт мектептің аумағында типтік спорт алаңдары салына бастады. № 65, 8, 45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің соңғы үлгідегі қосымша құрылысы да маусым айында бітеді.
Еске салсақ, Шымкент қаласының Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі жол картасы балалардың қауіпсіздік мәселелерін де қамтиды. Оны іске асыру аясында бейнебақылау жүйелері, турникет, Жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймелерімен жабдықтау 100% орындалды.
Бүгінгі таңда қаланың барлық мектебі I-ші дәрежелі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарын цифрландыру қарқыны артқан. Бүгінде қаланың жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.