https://sputnik.kz/20230413/samuryq-qazyna-zhyl-sayyn-qazaqstan-khalqyna-qoryna-aqsha-audaratyn-bolady-33869858.html
"Самұрық-Қазына" жыл сайын "Қазақстан халқына" қорына ақша аударатын болады
"Самұрық-Қазына" жыл сайын "Қазақстан халқына" қорына ақша аударатын болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ін аударып отыратын болады... 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T07:31+0500
2023-04-13T07:31+0500
2023-04-13T07:31+0500
самұрық-қазына
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24633573_0:117:3226:1932_1920x0_80_0_0_39f60217fe129523bc93f444719bde1b.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ін аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер үкіметтің қаулысымен бекітілді. Қаулыға сәйкес "Қазақстан халқына" қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.Атап айтқанда:науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету;ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру;медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау;ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.Еске сала кетейік, жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кем дегенде 7%-ін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24633573_248:0:2979:2048_1920x0_80_0_0_d977243fb22cfd7901312d3368153b1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына
"Самұрық-Қазына" жыл сайын "Қазақстан халқына" қорына ақша аударатын болады
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ін аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер үкіметтің қаулысымен бекітілді.
Қаулыға сәйкес "Қазақстан халқына" қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады.
Олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.Атап айтқанда:науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету;ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру;медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау;ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.
Еске сала кетейік, жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кем дегенде 7%-ін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.