https://sputnik.kz/20230413/rumyniyaga-f-35-zhoygysh-ushaqtary-ne-ushin-qazhet-34038793.html
Румынияға F-35 жойғыш ұшақтары не үшін қажет
Румынияға F-35 жойғыш ұшақтары не үшін қажет
Sputnik Қазақстан
Бухаресттің Lockheed Martin корпорациясының F-35 Lightning II ұшақтарын сатып алуы АҚШ-тың ядролық қаруын Румыния аумағында орналастыруға дайындық болып... 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T22:35+0500
2023-04-13T22:35+0500
2023-04-18T15:35+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1f/28895462_0:52:3204:1854_1920x0_80_0_0_95cd1b277f398e9645fc15b13c76b2a4.jpg
Бухаресттің Lockheed Martin корпорациясының F-35 Lightning II ұшақтарын сатып алуы АҚШ-тың ядролық қаруын Румыния аумағында орналастыруға дайындық болып табылады. Бұл Қара теңіз аймағы елдері мен көрші Молдоваға жаңа қауіптер тудырады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.11 сәуірде Румынияның Жоғары ұлттық қорғаныс кеңесі "елдің әуе қорғанысын нығайту үшін" көзге түсуі төмен F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтарын сатып алуды мақұлдады. Сонымен қатар кеңес Румынияның қауіпсіздігі тікелей тәуелді "Молдавия Республикасындағы демократиялық процеске сыртқы араласуға" қатысты алаңдаушылық білдірді. Мұндай қамқорлық Молдова азаматтары мен басқа көршілес елдерге жақсылық әкелмейді.F-35 қару-жарақ кешенінде "әуе-әуе" зымырандары да бар, бірақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бұл ұшақтардың негізгі мақсаты емес. Крейсерлік жылдамдықтағы бомбалаушы ұшақ B61 термоядролық бомбаларын жеткізу үшін құрастырылған және болашақта F-35 ұшағы НАТО-ның тактикалық ядролық қаруының негізгі тасымалдаушысы - F-16 жойғыш ұшағын алмастырады."Америкалық F-35 ұшақтарында жүздеген конструкциялық кемшілік пен сипаттама бар және бүгінгі күнге дейін оларды жаппай өндіруге Пентагон келісім бермей отыр. АҚШ Әскери-әуе күштері "найзағайының" 30 проценті ғана жауынгерлік тапсырмаларды орындауға толық жарамды. Дегенмен америкалықтар 2030 жылға қарай F-35 ұшақтарын көптеген техникалық ақаудан арылтуға, НАТО мүшелерімен ядролық қаруды бірлесіп қолдану туралы келісімдерді кеңейтуге ұмтылып отыр", - деп жазды Хроленко.The Diplomat басылымы бұл параллельді процестер Шығыс Еуропа елдерінде тактикалық ядролық қаруды орналастыруға әкелетінін және сол аумақтағы F-35 ұшақтары Ресейдегі нысанаға терең соққы беру опциясын алатынын атап өтті. Бұл Румыния Әскери-әуе күштерінің F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтарына ауысуының басты себебі болып отыр. Бұл Ресейдің тең реакциясы, көршілес елдердің қауіпсіздігінің төмендеуі, көп жылдарға созылған аймақтық тұрақсыздық және Румыниядағы ядролық апат ықтималдығының артуына әкеледі.Румынияның Жоғарғы ұлттық қорғаныс кеңесі (Consiliul Suprem de Aparare a Tarii) сатып алудың санын, мерзімін және құнын нақтыламағанмен, бұл басқа Шығыс Еуропа елдеріндегідей (Финляндия – 64, Швейцария – 36, Польша – 32 дана) бірнеше миллиард доллар тұратын ондаған F-35 бомбалаушы-жойғыш ұшағы болуы мүмкін. Бұған дейін Румыния Норвегиямен 32 пайдаланылған F16 жойғыш ұшағын 300 миллион долларға, Израильмен 18 пилотсыз ұшу аппаратын жеткізу бойынша 300 миллион долларға келісімшартқа отырған. Сатып алынған әскери техника өте қымбат. Бухарестің 2023 жылы елдің әскери бюджетін ЖІӨ-нің 2 процентінен 2,5 процентке дейін арттырғаны кездейсоқ емес. Дегенмен Румынияның тұрақты өсіп жатқан сыртқы қарызы шамамен 270 миллиард долларды құрайтынын ескеру керек.F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшағы көп жыл бойы жанжалдарға себеп болып отыр. Бір данасы 158 миллион доллар тұратын ұшақтың сенімділігі төмен екенін Пентагон бірнеше рет баса айтты. АҚШ Әскери-әуе күштері, Әскери-теңіз күштері және Теңіз жаяу әскері корпусындағы осындай 540 көліктің тек 160-ы ғана ресми түрде жауынгерлік іс-қимылдарға жарамды болып саналады.2006 жылы F-35 ұшағының алғашқы ұшуынан кейін және 2016 жылы АҚШ Әскери-әуе күштері осы машиналарды қабылдағаннан кейін конструкциялық және бағдарламалық кемшіліктердің саны аздап азайғанымен, әлі де әртүрлі дәрежеде 800-ден астам ақау бар. Бүгінгі күні "Найзағайға" жаңа, әлдеқайда қуатты қозғалтқыш қажет, бірақ мұндай қозғалтқыш мүлде жоқ. F-35 ұшағының крейсерлік жылдамдығы 850 км/сағ құрайды. Жауынгерлік радиусы – 1000 километр. Жауынгерлік жүктемесі – 9 тонна.Әскери шолушының пікірінше, көпжылдық түзетулер мен жаңартуларға қарамастан, бомбалаушы-жойғыш ұшағының ұрыс үшін ең маңызды компьютерлік жүйелері тұрақсыз жұмыс істейді. Іс жүзінде хакерлер ALIS желісін сөндіріп, борттық компьютердің құпия деректерін ұрлауы немесе F-35 ұшағын жай ғана "өшіруі" мүмкін. Бұл машина В61 ядролық бомбаларын өз немесе одақтас күштерге қолдана алады. Ұшқышқа оттегі беру қызметі де кенет ажыратылуы ықтимал. Мұндай оқиғалар Жапонияда сегіз рет тіркелген. АҚШ-тың басқа одақтастары да шағымданып жатыр.F-35 жобасы әуе, жер және теңіз нысандарын жою үшін НАТО-ның барлық дерлік авиациялық оқ-дәрілерін пайдалануды қарастырады. Дегенмен көп жыл бойы әртүрлі елдерде қолданыстағы F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтары ешқашан соғыс қимылдарына қатысқан емес. 2018 жылдың қыркүйегінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің ауған тәлібтеріне және 2019 жылдың сәуірінде Ирак жиһадшыларының қоймасына бір рет қашықтан жасалған соққылары есептелмейді. Өйткені оларда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі мүлдем болмаған.Foreign Affairs агенттігінің хабарлауынша, Украинада НАТО оқ-дәрілерінің тапшылығы АҚШ қорғаныс-өнеркәсіптік базасында проблема туындауының алғашқы белгілерінің бірі болып отыр."Америка өзінің технологиялық артықшылығын әлдеқашан жоғалтты және оны қуып жету рөлінде тұр. Бесінші буынға жататын ресейлік Су-57 жойғыш ұшағы америкалық F-35 бомбалаушы-жойғыш ұшағының модификациясынан барлық жағынан жоғары. Ал ресейлік гипердыбыстық зымырандар бірнеше жылдан бері қызмет етіп келеді және Украинадағы арнайы әскери операция кезінде жоғары жауынгерлік қуатты көрсетті.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1f/28895462_473:0:3204:2048_1920x0_80_0_0_0c4fb438e367d185c6d3b4f1ca9605bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Бухаресттің Lockheed Martin корпорациясының F-35 Lightning II ұшақтарын сатып алуы АҚШ-тың ядролық қаруын Румыния аумағында орналастыруға дайындық болып табылады. Бұл Қара теңіз аймағы елдері мен көрші Молдоваға жаңа қауіптер тудырады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
11 сәуірде Румынияның Жоғары ұлттық қорғаныс кеңесі "елдің әуе қорғанысын нығайту үшін" көзге түсуі төмен F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтарын сатып алуды мақұлдады. Сонымен қатар кеңес Румынияның қауіпсіздігі тікелей тәуелді "Молдавия Республикасындағы демократиялық процеске сыртқы араласуға" қатысты алаңдаушылық білдірді. Мұндай қамқорлық Молдова азаматтары мен басқа көршілес елдерге жақсылық әкелмейді.
F-35 қару-жарақ кешенінде "әуе-әуе" зымырандары да бар, бірақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бұл ұшақтардың негізгі мақсаты емес. Крейсерлік жылдамдықтағы бомбалаушы ұшақ B61 термоядролық бомбаларын жеткізу үшін құрастырылған және болашақта F-35 ұшағы НАТО-ның тактикалық ядролық қаруының негізгі тасымалдаушысы - F-16 жойғыш ұшағын алмастырады.
"Америкалық F-35 ұшақтарында жүздеген конструкциялық кемшілік пен сипаттама бар және бүгінгі күнге дейін оларды жаппай өндіруге Пентагон келісім бермей отыр. АҚШ Әскери-әуе күштері "найзағайының" 30 проценті ғана жауынгерлік тапсырмаларды орындауға толық жарамды. Дегенмен америкалықтар 2030 жылға қарай F-35 ұшақтарын көптеген техникалық ақаудан арылтуға, НАТО мүшелерімен ядролық қаруды бірлесіп қолдану туралы келісімдерді кеңейтуге ұмтылып отыр", - деп жазды Хроленко.
The Diplomat басылымы бұл параллельді процестер Шығыс Еуропа елдерінде тактикалық ядролық қаруды орналастыруға әкелетінін және сол аумақтағы F-35 ұшақтары Ресейдегі нысанаға терең соққы беру опциясын алатынын атап өтті. Бұл Румыния Әскери-әуе күштерінің F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтарына ауысуының басты себебі болып отыр. Бұл Ресейдің тең реакциясы, көршілес елдердің қауіпсіздігінің төмендеуі, көп жылдарға созылған аймақтық тұрақсыздық және Румыниядағы ядролық апат ықтималдығының артуына әкеледі.
Румынияның Жоғарғы ұлттық қорғаныс кеңесі (Consiliul Suprem de Aparare a Tarii) сатып алудың санын, мерзімін және құнын нақтыламағанмен, бұл басқа Шығыс Еуропа елдеріндегідей (Финляндия – 64, Швейцария – 36, Польша – 32 дана) бірнеше миллиард доллар тұратын ондаған F-35 бомбалаушы-жойғыш ұшағы болуы мүмкін. Бұған дейін Румыния Норвегиямен 32 пайдаланылған F16 жойғыш ұшағын 300 миллион долларға, Израильмен 18 пилотсыз ұшу аппаратын жеткізу бойынша 300 миллион долларға келісімшартқа отырған. Сатып алынған әскери техника өте қымбат. Бухарестің 2023 жылы елдің әскери бюджетін ЖІӨ-нің 2 процентінен 2,5 процентке дейін арттырғаны кездейсоқ емес. Дегенмен Румынияның тұрақты өсіп жатқан сыртқы қарызы шамамен 270 миллиард долларды құрайтынын ескеру керек.
F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшағы көп жыл бойы жанжалдарға себеп болып отыр. Бір данасы 158 миллион доллар тұратын ұшақтың сенімділігі төмен екенін Пентагон бірнеше рет баса айтты. АҚШ Әскери-әуе күштері, Әскери-теңіз күштері және Теңіз жаяу әскері корпусындағы осындай 540 көліктің тек 160-ы ғана ресми түрде жауынгерлік іс-қимылдарға жарамды болып саналады.
2006 жылы F-35 ұшағының алғашқы ұшуынан кейін және 2016 жылы АҚШ Әскери-әуе күштері осы машиналарды қабылдағаннан кейін конструкциялық және бағдарламалық кемшіліктердің саны аздап азайғанымен, әлі де әртүрлі дәрежеде 800-ден астам ақау бар. Бүгінгі күні "Найзағайға" жаңа, әлдеқайда қуатты қозғалтқыш қажет, бірақ мұндай қозғалтқыш мүлде жоқ. F-35 ұшағының крейсерлік жылдамдығы 850 км/сағ құрайды. Жауынгерлік радиусы – 1000 километр. Жауынгерлік жүктемесі – 9 тонна.
Әскери шолушының пікірінше, көпжылдық түзетулер мен жаңартуларға қарамастан, бомбалаушы-жойғыш ұшағының ұрыс үшін ең маңызды компьютерлік жүйелері тұрақсыз жұмыс істейді. Іс жүзінде хакерлер ALIS желісін сөндіріп, борттық компьютердің құпия деректерін ұрлауы немесе F-35 ұшағын жай ғана "өшіруі" мүмкін. Бұл машина В61 ядролық бомбаларын өз немесе одақтас күштерге қолдана алады. Ұшқышқа оттегі беру қызметі де кенет ажыратылуы ықтимал. Мұндай оқиғалар Жапонияда сегіз рет тіркелген. АҚШ-тың басқа одақтастары да шағымданып жатыр.
F-35 жобасы әуе, жер және теңіз нысандарын жою үшін НАТО-ның барлық дерлік авиациялық оқ-дәрілерін пайдалануды қарастырады. Дегенмен көп жыл бойы әртүрлі елдерде қолданыстағы F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтары ешқашан соғыс қимылдарына қатысқан емес. 2018 жылдың қыркүйегінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің ауған тәлібтеріне және 2019 жылдың сәуірінде Ирак жиһадшыларының қоймасына бір рет қашықтан жасалған соққылары есептелмейді. Өйткені оларда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі мүлдем болмаған.
Foreign Affairs агенттігінің хабарлауынша, Украинада НАТО оқ-дәрілерінің тапшылығы АҚШ қорғаныс-өнеркәсіптік базасында проблема туындауының алғашқы белгілерінің бірі болып отыр.
"Америка өзінің технологиялық артықшылығын әлдеқашан жоғалтты және оны қуып жету рөлінде тұр. Бесінші буынға жататын ресейлік Су-57 жойғыш ұшағы америкалық F-35 бомбалаушы-жойғыш ұшағының модификациясынан барлық жағынан жоғары. Ал ресейлік гипердыбыстық зымырандар бірнеше жылдан бері қызмет етіп келеді және Украинадағы арнайы әскери операция кезінде жоғары жауынгерлік қуатты көрсетті.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.