Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКҚазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді
Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режимді енгізуді жоспарлап отыр. Сыртқы істер министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтары Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда шекарадан өткеннен кейін 30 күн визасыз жүре алады. Ал шығып қайта кіретін болса, осы мерзім алты айдың ішінде 90 күннен аспауы шарт. Одан артық уақытқа қаламын десе, визаға өтініш беру керек. Визасыз жүру үшін жол жүру құжаттары болуы қажет. Қазақстан азаматтары үшін:
ҚР азаматының паспорты;
ҚР-ға қайтып оралуға арналған куәлік.
Қытай азаматтары үшін:
ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;
ҚХР азаматының әдеттегі паспорты;
уақытша жол жүру құжаты.
Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге президенттің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында биыл 18-19 мамырда Сиань қаласында рәсімделеді. Оған премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу мен Қытай сыртқы істер министрі Цинь Ган қол қояды.
"Осы қаулының жобасына қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға әрі ұлттық паспорттардың иелері үшін жеңілдетілген визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік береді", - делінген қаулыда. Құжаттың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Қоғамдық талқылау 19 сәуірге дейін жалғасады.
Аэропорт в Китае. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2023
Қытай шетелдік туристерге елге топпен кіруге рұқсат берді
Жаңалықтар
0