https://sputnik.kz/20230413/ministrlik-qazaviaqutqaru-pilottarynyn-zhumystan-ketip-zhatqanyn-rastady-33873929.html
Министрлік "Қазавиақұтқару" пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады
Министрлік "Қазавиақұтқару" пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады. 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T10:00+0500
2023-04-13T10:00+0500
2023-04-13T10:00+0500
құтқарушылар
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22705398_0:151:3073:1879_1920x0_80_0_0_61135a8f5acc7a1896c40b29c7477c92.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады. Оның айтуынша, ұйым қызметкелерінің жалақысын көтермейді. Себебі қазіргі мөлшері орташа көрсеткіштен жоғары. "Жалақыны көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Оның мөлшері орташа деңгейден жоғары, 640 мың теңге мен 2,5 миллион теңгенің маңайында болып тұр", - деп атап көрсетті министрліктің ресми өкілі. Айта кетері, сәуірдің басында "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттары осы саладағы қауіпсіздік пен еңбек жағдайына шағымданды. Сол кезде 23 пилот жұмыстан кетуге арыз жазды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин барлық арыздар бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ жұмыстан кететін әрбір пилоттың оқуына жұмсалған бюджет қаржысын қайтару міндеті бар екенін еске салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0b/22705398_322:483:2408:2048_1920x0_80_0_0_260bee0bb6eafcc55b4e566fda529e5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар, жалақы
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады.
"Жұмысшылардың біреуі сынақ мерзімінен өтіп жүрген. Қалғандары берген өтініштеріне қарай шешіледі. Ешкімді мәжбүрлі түрде жұмыстан шығармайды. Бірақ өздері жұмыстан шығуға ниет білдіріп тұрса, оларды ұстауға да ешкімнің құқығы жоқ", - деді Иманқұлов
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ұйым қызметкелерінің жалақысын көтермейді. Себебі қазіргі мөлшері орташа көрсеткіштен жоғары.
"Жалақыны көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Оның мөлшері орташа деңгейден жоғары, 640 мың теңге мен 2,5 миллион теңгенің маңайында болып тұр", - деп атап көрсетті министрліктің ресми өкілі.
Айта кетері, сәуірдің басында "Қазавиақұтқару" АҚ пилоттары осы саладағы қауіпсіздік пен еңбек жағдайына шағымданды. Сол кезде 23 пилот жұмыстан кетуге арыз жазды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин барлық арыздар бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты.
Сондай-ақ жұмыстан кететін әрбір пилоттың оқуына жұмсалған бюджет қаржысын қайтару міндеті бар екенін еске салды.