https://sputnik.kz/20230413/garyshtan-baqylau-kezinde-55-mynnan-astam-zansyz-qoqys-orny-anyqtaldy-33880265.html
Ғарыштан бақылау кезінде 5,5 мыңнан астам заңсыз қоқыс орны анықталды
Ғарыштан бақылау кезінде 5,5 мыңнан астам заңсыз қоқыс орны анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Былтыр ғарыштық мониторинг аясында 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған, олардың 77%-і жойылды. Бұл туралы экология... 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T12:50+0500
2023-04-13T12:50+0500
2023-08-10T12:29+0500
қоқыс
ғарыш
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808605_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_d3ae8319335b2cb735bf2db4c98532b2.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Былтыр ғарыштық мониторинг аясында 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған, олардың 77%-і жойылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбдуәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әбдуәлиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында заңсыз қоқыс орындары мәселесіне тоқталды. Ол үкімет әкімдіктерге 2023 жылғы 1 маусымға дейін барлық рұқсат етілмеген полигонды жою туралы тапсырма бергенін еске салды. Биыл пайда болған қоқыс үйінділері туралы ақпаратты Қазақстан ғарыш сапары 15 сәуірге дейін жариялайды. Әбдуәлиевтің айтуынша, заңсыз қоқыс орындарымен күрес мәселесінде тұрғындар маңызды рөл атқарады. Мәселен, наурыз айында Ақмола облысы Жібек жолы кентінің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы құрылыс қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз тасталуына шағымданған. Бұл факті бойынша облыстық экология департаменті Аршалы әкімдігімен бірлесіп, жергілікті тұрғындармен және құрылыс компанияларымен кездесті. Нәтижесінде Есіл өзенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808605_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_912da51131be8346e05b3f25e19fd1bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоқыс, ғарыш
Ғарыштан бақылау кезінде 5,5 мыңнан астам заңсыз қоқыс орны анықталды
12:50 13.04.2023 (жаңартылды: 12:29 10.08.2023) АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Былтыр ғарыштық мониторинг аясында 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған, олардың 77%-і жойылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбдуәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әбдуәлиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында заңсыз қоқыс орындары мәселесіне тоқталды.
"Ғарыштық мониторинг аясында 2022 жылы рұқсат етілмеген 5 683 қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-і немесе 4331-і жойылды. Стихиялық қоқыс үйінділерінің ең көбі Ақмола, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында анықталды. Ал осындай үйінділерді жою бойынша ең төмен көрсеткіштер Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында тіркелді", - деді ол.
Ол үкімет әкімдіктерге 2023 жылғы 1 маусымға дейін барлық рұқсат етілмеген полигонды жою туралы тапсырма бергенін еске салды. Биыл пайда болған қоқыс үйінділері туралы ақпаратты Қазақстан ғарыш сапары 15 сәуірге дейін жариялайды.
Әбдуәлиевтің айтуынша, заңсыз қоқыс орындарымен күрес мәселесінде тұрғындар маңызды рөл атқарады. Мәселен, наурыз айында Ақмола облысы Жібек жолы кентінің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы құрылыс қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз тасталуына шағымданған.
Бұл факті бойынша облыстық экология департаменті Аршалы әкімдігімен бірлесіп, жергілікті тұрғындармен және құрылыс компанияларымен кездесті. Нәтижесінде Есіл өзенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.