Оқиға

Астана түбіндегі өрттің аумағы 3 гектарға дейін ұлғайды

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Нур-Султана Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Астана әуежайы маңында құрғақ шөп жанып жатыр. Өрт аумағы бірнеше сағаттың ішінде 3 гектарға дейін жеткен.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бейсенбі сағат 12:28-де өрт сөндіру бөлімшелері халықаралық әуежай жаққа қарай аттанды. Алдын ала мәлімет бойынша 1 гектар аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқан. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
Қазіргі таңда өртті Астана ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 5 техника, қала әкімдігінің 4 су шашатын машинасы сөндіріп жатыр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады. Шөптің құрғақ болуына және жел соғуына байланысты өрттің жылдам таралуы сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан өрттің әуежайдың ұшу-қону жолағына жақындап қалғанын көруге болады.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәліметінше, өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Жаңалықтар
0