https://sputnik.kz/20230413/almaty-oblysynda-10-synyp-oqushysy-koz-zhumdy--auyl-akimi-man-zhaydy-bayandady-33912899.html
Алматы облысында 10-сынып оқушысы көз жұмды – ауыл әкімі мән-жайды баяндады
Алматы облысында 10-сынып оқушысы көз жұмды – ауыл әкімі мән-жайды баяндады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 10-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 13.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-13T20:04+0500
2023-04-13T20:04+0500
2023-04-13T20:04+0500
оқушы
төбелес
https://sputnik.kz/img/113/00/1130089_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_11821a41749fc2ba5b8861a1f3236872.jpg
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 10-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 11 сәуір сағат 23:00 шамасында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 10 және 11-сынып оқушылары арасында өзара кикілжің туған. Жоғарғы сынып оқушылары "үлкендік" жасап, мәселені шешу үшін кешке 10-сыныптың оқушыларын өзен бойына кездесуге шақырады.Сол жерде болған балалардың айтуынша, күдікті марқұмның кеуде тұсынан ұрған, ол шалқалап барып құлаған. Жасөспірімді қасында тұрған балалар тұрғызбақ болған. Алайда Мирастың жүрегі тоқтап қалған. Жанұшыра жүгірген жасөспірімдер ауыл мейірбикесі мен үлкендерді көмекке шақырған. Бірақ бәрі кеш болады.Қайтыс болған Мирас Әскербайдың әкесі ауылда электрик, анасы мектепте қызмет етеді. Ал жасөспірімді өлтірді деген күдікке ілінген 17 жастағы оқушының әкесі де еңбекқор жан, нан пісіріп сататын азамат.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті оқушы қамауға алынғанын хабарлады. Бұл дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.Сот-медициналық сараптама жасалады, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.Бүгін Мирастың денесі жер қойнына тапсырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/00/1130089_258:0:979:541_1920x0_80_0_0_92b308d90501192a19244e40b4ff80ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, төбелес
Алматы облысында 10-сынып оқушысы көз жұмды – ауыл әкімі мән-жайды баяндады
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 10-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 11 сәуір сағат 23:00 шамасында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 10 және 11-сынып оқушылары арасында өзара кикілжің туған. Жоғарғы сынып оқушылары "үлкендік" жасап, мәселені шешу үшін кешке 10-сыныптың оқушыларын өзен бойына кездесуге шақырады.
"Ұрды деген баламен сөйлесіп едім, "аға, мен ұрмадым. Қараңғы еді, өзім түсінбей қалдым" деді. Екі бала да өнегелі отбасыда өскен. Балалардың арасында төбелес болмаған. Өзара сөзбен шешпек болған", - дейді Саты ауылының әкімі Рүстем Әлімов.
Сол жерде болған балалардың айтуынша, күдікті марқұмның кеуде тұсынан ұрған, ол шалқалап барып құлаған. Жасөспірімді қасында тұрған балалар тұрғызбақ болған. Алайда Мирастың жүрегі тоқтап қалған. Жанұшыра жүгірген жасөспірімдер ауыл мейірбикесі мен үлкендерді көмекке шақырған. Бірақ бәрі кеш болады.
Қайтыс болған Мирас Әскербайдың әкесі ауылда электрик, анасы мектепте қызмет етеді. Ал жасөспірімді өлтірді деген күдікке ілінген 17 жастағы оқушының әкесі де еңбекқор жан, нан пісіріп сататын азамат.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті оқушы қамауға алынғанын хабарлады. Бұл дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Сот-медициналық сараптама жасалады, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бүгін Мирастың денесі жер қойнына тапсырылды.